Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония әлем жұртшылығын қандай ерекшеліктерімен таңғалдырады?

Опубликовано:

Жапония – қарапайым ел емес, өзінің ерекше табиғатымен, мәдениетімен, қоршаған ортаға деген өзгеше көзқарасымен  танылған бүтін бір әлем секілді. Бұл елдің адамдары өте еңбекқор, кез келген жағдайда табандылық танытады. Оған дәлел:  көптеген өнертабыстары мен технологиялары. Кішкентай ел бола тұра, әлемдегі технологиялық көшбасшы саналу – керемет жетістік.

Qazaqtimes.kz сайты назарларыңызға жапондықтар үшін қалыпты, ал біз үшін ерекше дүниелерді ұсынады.

Ваннасы бар мінсіз поезд

Жапонияда аяққа арналған ыстық ваннасы бар поездар бар. Жол жүрген адам шаршап, шалдығып қалады. Күншығыс елінде сіз жолда шаршағаныңызды басып, қайта демалып барасыз.

Жапонияда жұмыста ұйықтауға рұқсат етілген

Жапонияда кездесулерде, конференцияларда немесе жұмыс орнында ұйықтау – адамның көп жұмыс жасайтындығын және шаршап жүргендігін білдіреді. Мұндай ұйқы жапон тілінде «Инэмури» деп аталады. Мағынасы «Жұмыста бар болу және ұйықтау» дегенге саяды. Егер лауазымы төмен болса, бастықтардың көзінше ұйықтауға болмайды. Әрине, егер қызметі өзгелерден  жоғары болса, жұмыс уақытында көз шырымын алу әдепсіздікке жатпайды.

Тегін қолшатыр

Аялдамалар мен көшелерде қолшатырлар салынған арнайы үлкен қорап болады. Жаңбыр жауа қалған жағдайда, кез келген адам оны алып қолдана береді. Тегін. Ал жаңбыр басылғаннан кейін жолда жолыққан осындай бір қорапқа салып кете береді.

Капсулалық қонақ үйлер

Жапондықтарды ойлап тапқан әлемді таң қалдырған дүниелерінің бірі осы болған шығар. Алғаш рет капсулалық «қонақ үй» 1979 жылы Токиода жасалынған. Содан бері мыңдаған клиенттерге қызмет етіп келе жатыр. Оның ішінде кәсіпкерлер де бар, үйіне баруға қорқатын маскүнемдер де бар екен.

Мінсіз жанармай құятын орындар

Жапониядағы жанармай құятын орындарда (газ станциялар) шлангілер жоғарыда ілініп тұрады. Өз кезегінде бұндай тәсіл кез келген адам үшін тиімді әрі ыңғайлы.

Дереккөз: Qazaqtimes.kz

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам мен Робсон Ассистің шаршы алаңға шығатын нақты уақыты анықталды

"Ақтөбеден" 64 млн теңге дәметкен бразилиялық футболшы сотта жеңіліп қалды

Атырауда Өтеуовтің арызынан кейін сотталған полицейлер бостандыққа шықты

БАҚ: Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда 6-орынға сырғыды

Назарбаев Ақтөбе облысындағы нашар жолдарға назар аударды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1410723-zhaponiya-kulli-alem-zhurtshylyghyn-qanda/

pixel