Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азат Перуашев: Мен әйелімді мың есе артық жақсы көремін

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев  полицейлерге күш көрсеткендерді 11 млн теңге төлеуге міндеттейтін заң жобасы үшін күйіп-пісті. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

"Күйеуі әйелін ұрса, айыппұл 40 мың теңге. Ал егер полицеймен тәжікелесіп қалсаң, 11 млн теңге төлейсің. Бұл не? Не, әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы, әйелімді мың есе артық жақсы көремін", - деді Перуашев.

Өткен аптада парламент мәжілісінде құқық қорғау жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы талқыланған. Депутат Азат Перуашевты «күйдірген» сондағы норма.

Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің сөзіне қарағанда, бұл өзгеріс мұндай істерді тергеуде коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына "баламалы тепе-теңдікті" қамтамасыз етеді. Жаңалықтың бірі осы.

Ал Азат Перуашевтің «әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы,әйелімді мың есе артық жақсы көремін» деген бір жағы қарсылыққа, екінші жағы махаббатқа толы сөзіне келсек, заң жобасы бойынша тәртіп сақшысына бағынбай, оған күш көрсеткен азаматқа 11 млн теңге айыппұл салыну көзделген. Ал әйелін ұрған ездің төлейтіні әрі кеткенде 34 мың теңге.

"Айыппұлдар көлемінің неге күрт өсіп кеткенін және оның жазасы жасаған әрекетке сай келмейтінін қалай түсіндіресіз?", - деді мәжіліс депутаты Айзада Құрманова.

Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель:«Айыппұлға байланысты айтқаныңыз дұрыс та шығар. Бірақ ол норманы ІІМ дайындаған» деп, Қасымовқа иек қақты. Ал оның айтуынша, 11 млн теңгені «айдан» алмаған, бар нормаларға сүйенген. Тіпті ең жоғары шекті алмай, «гуманистік» танытқан.

Тағы оқыңыздар:

Атамбаев 2010 жылы қырғыздардың құрбан болуына Қазақстанды айыптады (видео)

Атырау облысында 65 мың адамды ЭКСПО-ға баруға міндеттеп отыр

Шымкенттік полицей баласын "полиция шақырамын" деп қорқытатын ата-аналарға ренжіді

Димаш қытайлық жанкүйерлердің арқасында жұлдыз болғанын мойындады

Қарағандыда екі жасар мүгедек сәби жантүршігерлік жағдайда қаза болды

Үнді әнін нақышына келтіре орындаған Мейрамбек елді күлкіге қарық қылды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1414453-azat-peruashev-men-ayelimdi-mynh-ese-art/

pixel