Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас аузына түкірген қыз жұлдыз болып келе жатыр (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында Ырысай Қойшыбай есімді қыз тұрады. Небәрі он жаста болса да ақындық өнерімен жұрттың көзіне түсіп жүрген жеткіншек осы күнге дейін аудандық, облыстық, тіпті республикалық өнер фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болған деп жазады Zamana.kz.

Анасы Гүлжан Ырысайдың кішкентай күнінде-ақ 5-сыныпта оқитын оқушы қыздың өлеңді мәнерлеп оқығанын көріп, қатты қызыққанын айтады. Сол кезде Гүлжан өз сәбиінің де сол қызға ұқсап өнерлі болуына ниеттеніп, қызды үйіне ертіп әкеліп, Ырысайының аузына түкіртіп алыпты.

Ырысай жүрек ақауымен туылған. «Тұрақты түрде ем алуының арқасында жүрегіндегі тесік сегіз жасында бітеліп, қызым өлең жазатын болды. Ең алғашқы өлеңін маған арнапты. Негізі менің әкемнің ақындық өнері бар еді. Ол кісінің екі мыңға тарта өлеңдері бар. Әкемнің әруағы Ырысайға қонды ма деп ойлаймын», - дейді анасы.

Гүлжан қызына балабақшаға баратын кезінен бастап тақпақтарды, қысқа шумақты өлеңдерді жаттатып, кейін мәнерлеп оқуды үйретіпті. Қызының өнерлі болып өсуін, сахнаға шығуын қалағаны сондай, Қайрат Нұртас тойларына келгенде аузына түкірткен.

«2012 жылы ағам анамның пайғамбар жасы – 63-ке толған мерейтойын тойлап берді. Сонда тойға Қайрат Нұртасты анасы Гүлзирамен, Қарақат, Мәдина Сәдуақасоваларды қоса шақырғанбыз. Бір қуанарлығы, олар әндерін айтып болысымен кетіп қалған жоқ. Бәрі де тойдың соңына дейін қатысып, анамның жанында отырды. Сол кезде мен қызымның Қайрат ағасы секілді көпке танымал болғанын қалайтынымды айтып, аузына түкіртіп алдым», – дейді бұл жөнінде Гүлжан.

Ырысай өлең жазуды жаны сүйгенімен актриса болуды армандайды екен. Ол ата-анасы Пердебек пен Гүлжанның отырғызған теректерінің арасында жүріп түрлі рөльдерде ойнап, оны өзі видеоға түсіреді. Ертегідегі жақсы қыз бен жаман қыздың рөлін қатар сомдайтын ол Абай аударған Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалындағы қарғаның да, түлкінің де рөлін жалғыз өзі орындап бере алады.

Таяуда Ырысай қыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  Алматыда өткен «Жырлайды жүрек» республикалық байқауына қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып қайтты.

Жалпы, байқауға 5-19 жас аралығындағы 500-ге тарта балалар мен жастар қатысып, кіші, орта, жоғары топ болып өнер көрсеткен.

Ал, Ырысай Мұқағалидың «Әйелдер-ай, әйелдер» және «Жоқ, дәрігер!» деген өлеңдерін оқыды.

"Көрермендер алғашқы өлеңге күлсе, кейінгісіне жылады. Қызым өлеңін оқып бітірген кезде залда отырған жұртшылық ду қол шапалақтап, көпке дейін басылған жоқ", - дейді анасы Гүлжан.

Мұқағалидың келіні Бақытгүл Айдарова: «Маған Ырысайдың атаның өлеңін оқығаны қатты ұнады», – деп бетінен сүйіп, батасын берген.

Тағы оқыңыздар:

Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)

Қазақстандықтарды жаңа медициналық сақтандыру жүйесінде не күтіп тұр?

65-ші жылғы сыныптас қыздардың WhatsApp-тағы әңгімесі желіні жарды (фото)

ОҚО-да үйлену тойына келе жатқан жас жұбайлар қар құрсауында қалып қойды 

27 жасында бес баланың анасы атанған келіншек бақыттың не екенін айтты (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1417192-qayrat-nurtas-auzyna-tukirgen-qyz-zhul/

pixel