RU

Алматыда генерал Аманбаев пен оның сыбайластарынан зәулім үй мен тікұшаққа дейін тәркіленді

14 жылға сотталған Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев мен оның сыбайластарынан зәулім үй мен тікұшаққа дейін тәркіленді деп хабарлайды КТК арнасы.

Тәркіленген дүние-мүліктерді тізіп шығуға судья тіпті, бір сағаттан астам уақыт жұмсаған.

Қылмыстық топтың заңсыз жолмен тапқан табысы 19 миллиард теңге. Бұл қыруар қаржы жалған фирмалардың есеп-шоттарынан табылған. Сондықтан бір ауданның бюджетіне пара-пар миллиардтар енді мемлекет меншігіне өтетін болды.

Сондай-ақ, судья сотталушылардың дүние-мүлкін тәркіледі. Атап айтқанда олардың банк шоттарындағы миллиондар, қымбат көліктері, зәулім сарайлары тәркіленіп отыр. Тізімде тіпті тікұшақтар да бар.

Еске сала кетейік, сот 22 ақпанда қылмыстық топ құрып, арам жолмен келген ақшаны заңдастырды, ірі көлемде пара алды деп айыпталған Әмірхан Аманбаевты 14 жылға бас бостандығынан айырған.

Сонымен қатар, оның өмір бойы басшылық қызмет атқаруына тыйым салынады.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік тұрғындар әлі күнге дейін үтікті көмірдің қызуымен жылытып отыр (фото, видео)

"ВИА Гра" тобының әншісі қазақ меценатының көңілдесі болуы мүмкін (фото)

Ақтөбеде пара алған мектеп директорының қолына кісен салынғанда әріптестері жылап жіберді (фото)

Оралда туған анасы өлтірмек болған төрт жасар бүлдіршін жантүршігерлік жайттарды баяндады

Әйгілі актрисаны хиджаб кигені үшін полиция ұстап алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1418657-almatyda-general-amanbaev-pen-onynh-sy.html