RU
Доллардың арзандауы бағаның төмендеуіне әсер ете ме?
Жаңалықтар Финансы

Доллардың арзандауы бағаның төмендеуіне әсер ете ме?

Рассказать Вконтакте

Қазақстан ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының әлсіреуі елдегі тауар бағаларының арзандауына әсер етпейді деп санайды. Бұл туралы министр Астанада журналистерге берген комментариінде айтты деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Доллардың арзандауы бағаның төмендеуіне әсер ете ме?

Тимур Сүлейменов. Фото: ult.kz

Оның сөзінше, Қазақстандағы бағаны доллар бағамына телу дұрыс емес.

"Біз долларға байланудан арылуымыз керек. Долларсыздану бағаны доллармен көрсетуге тыйым салынған заңнамада ғана жүрмеуі керек. Оған санада да тыйым салу керек. Бағаны, жалақыны, көлік пен пәтер құнын доллармен есептеу қажет емес. Біз АҚШ-та емес, Қазақстанда тұрамыз", - деген Сүлейменов.

Соңғы апталарда Қазақстан валютасы теңгенің долларға шаққандағы бағамы көтеріле бастаған. Қаңтарда бір доллар 335 теңге болса, бүгін биржада доллардың орташа бағамы 312 теңге 84 тиынды құрап отыр.

2015 жылы Қазақстан билігі экспортқа сүйенген экономины теңге әлсіреп жатқан тұста долларсыздандыру саясатын жариялаған. Осының аясында тауар, жұмыс пен қызмет бағаларын доллармен көрсетуге тыйым салынып, тұрғындардың теңгеде ашқан депозиттеріне кепілдік беру мөлшері ұлғайтылған және шетел валютасымен ашылған депозиттің сыйақы мөлшерлемесі азайтылған.

Тағы оқыңыздар:

34 жастағы ақтөбелік келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар ұстаздарын қажылыққа жіберді

Қар көшкінінен қаза тапқан сарбаз өзінің Отан үшін шейіт болатынын сезіп кеткен (фото)

Алтын жалатылған көліктер мен тікұшақ: Еліміздегі бай-бағландардың тойы қалай өтеді?

Еліміздегі банктердің бірі кредитін төлей алмаған отбасының қызын тартып алмақ болған

Арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып, аялап отыр (фото)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
3
1
5
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel