Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі айтыс ақыны "Нұр Отан" партиясының мүшесі болды

Опубликовано:

Бүгін "Нұр Отан" партиясының құрылғанына 18 жыл толды. Осыған орай партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

"Біздің партиямыздың қатарын толықтырғандардың ішінде инновацияны енгізіп жатқан көптеген жас инженерлердің, ғалымдар мен бизнесмендердің болуы өте маңызды. Мемлекет басшысы өзінің жолдауында жария еткен үшінші жаңғырудың қозғаушы күші - мына сіздер болуға тиіссіздер. Партияның барлық күш-жігері президентіміздің алдымызға қойған осы ауқымды міндеттерін табысты іске асыруға бағытталуы керек", - деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед.

"Нұр-Отан" партиясына қосылғандардың қатарында жас ғалым-математик Ержан Домалатов, инженер-энергетик Асылбек Жалмұxанбет, бизнесмен және программист Самат Биғазы, шахтер Валерий Котивцкий, фермерлер Ғалымжан Исағалиев пен Мерей Рымбеков болашақ металлург Олег Шевяков, кәсіпкер Алан Жуков, "Әбіш әлемі" республикалық театр фестивалінің гран-при иегері Жазира Қожаxметова бар.

Сондай-ақ, муай-тай бойынша әлем чемпионы Әділет Берікқалиев, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, ақын Марғұлан Ақан, "Спарта" көңілді тапқырлар клубының капитаны Данияр Жұмаділов, боксшы Назым Ищанова, әнші Руxия Байдукенова, республикалық дебаттық турнирдің дипломанты Қаракөз Амантай бар.

Тағы оқыңыздар:

Әйелін сот залында аяусыз пышақтап өлтірген қостанайлық тұрғын мұғалім болып шықты

Алматы облысында айы-күні жақындаған үш балалы әйелдің нәрестесі ішінде шетінеп кетті

ШҚО құтқарушылары тікұшақ құлаған жердің суреттерін жариялады (фото)

Үш бойжеткен Францияның күл-талқанын шығармақшы болды

Алматы облысында 15 жігіт үш азаматты аяусыз ұрып-соқты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1424852-aygili-aqyn-nur-otan-partiyasynynh-mushe/

pixel