Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

83 жастағы атақты француз актері көрермендерінің алдында көз жасын тыя алмады

Опубликовано:

Парижде француз «Оскары» аталып кеткен «Сезар» сыйлығын табыстау рәсімі өтті деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ең үздік фильм деп Пол Верховеннің "Ол" деген туындысы атанды. Сондай-ақ аталған картина "Ең үздік актриса" номинациясында да жеңіске жетті.

Ол - "Оскар 2017" сыйлығына да осы ролі үшін ұсынылған актриса - Изабель Юппер.

«Сезар» сыйлығын «Ең үздік режиссер» номинациясында Ксавье Долан «Бұл жай ғана ақырзаман» фильмімен жеңіп алды.

"Сезар" нұсқасы бойынша ең үздік актер Доланның фильміндегі рөлі үшін Гаспар Ульелге бұйырды.

Салтанатты жиынның ең әсерлі тұсы атақты француз киноактері Жан-Поль Бельмондоның сахнаға шығуы еді. Оған "Сезар" құрметті сыйлығы табысталды. Оған қол соққан залдың реакциясын көрген француз жұлдызы көз жасына ерік берді.

Жан-Поль Бельмондо сахнада тұрып өз анасына алғыс айтты. Оның сөзінше, анасы болмаса ол түскен фильмдерде жарық көрмейтін еді.

Аты аңызға айналған актер биыл 9 сәуірде 84-ке келеді.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы Конституцияның 26-шы бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Ұрлаған алтындарын сүйіктісіне сыйлаған ақтөбелік полицей ұятқа қалды

Баян Есентаеваның болашақ жары әйелімен ажырасу үшін арыз түсірді

22 жастағы ақтөбелік бойжеткен анасын өлімнен арашалап қалды (фото)

ЭКСПО-ға кететін үш миллиард долларға не істеуге болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1425011-83-zhastaghy-ataqty-francuz-akteri-korerm/

pixel