Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да тұңғышынан айырылған ата-ана жалғыз ұлын құтқарамын деп шарқ ұрып жүр

Опубликовано:

Солтүстікқазақстандық алты жасар Илья Пугач – еліміз бойынша остеопетроз дертімен ауыратын жалғыз сәби. Сүйектердің дұрыс түзелмеуінен баланың ішкі ағзалары зақымдануда деп хабарлайды КТК арнасы.

Тұқым қуалайтын дертке шалдыққан оған Израиль дәрігерлері қол ұшын беруге дайын екен. Тіпті сәйкес келетін донор да сол жақтан табылған. Қазір отбасы шет елде емделу үшін мемлекеттік квотаға өтініші беріпті. Алайда оны денсаулақ сақтау министрлігі мақұлдағанның өзінде бұл отбасына ұзақ бейімдеу шаралары үшін қосымша қаражат қажет екен.

Алтыдан асса да бір тісі жоқ Илья өте ақылды бала. Көзінің қан тамырлары қысылып қалғандықтан, қазір нашар көреді. Есесіне есте сақтау қабілеті мықты. Үш айлығында нәрестенің қан құрамына қарап дәрігерлер баланың дені сау еместігін айтыпты. Бірақ алты жыл бойы нақты диагноз қоя алмаған.

"Біздің дәрігерлер алты жыл бойы диагноз қоя алмады. Тіпті Мәскеуге жіберген сараптамаларда да бұл дерт анықталмады. Тек жуырда ғана Израильге барғанда, сол жақтың мамандары дөп басып нақты диагноз қойып берді. Осылайша алты жыл уақыт ұтылып қалдық", - дейді Илья Пугачтың әкесі Юрий Пугач.

Илья туылғанда әкесі елуді еңсерсе, анасы қырықты алқымдаған екен. Кеш туған балаға қатты қуанған олар «нәресте қайғы жұтқан бізге демеу болған еді» дейді. Өйткені содан бұрынырақта олардың үлкен қыздары 17 жасында жазылмас дерттен көз жұмыпты.

Енді екінші балалары да өте сирек ауруға шалдығып отыр. Сүйектерінің тығыздығы тым жоғары болғанымен, сынғыш келеді екен. Жарты жыл бұрын сәл тайып құлағаннан аяғы сынған бала әлі гипспен жүр.

"Біздің ұлымыз жазылады деген үміт бар. Қазір Денсаулық сақтау министрлігіне квотаға өтініш жаздық. Осы айдың ортасында нәтижесі белгілі болады. Ота құны – 280 мың доллар. Ол квота арқылы тегін жасалғанның өзінде бейімдеу шарасына 15 мың АҚШ доллары керек. Соған көмектессеңіздер екен", - дейді Илья Пугачтың анасы Ольга Пугач.

Израильдік дәрігерлер бұл дерттен құлан таза жазбаса да, баланың өмірін ұзартуға кепілдік беріп отыр. Ол үшін жілік майын ауыстыру керек. Шет елден тіпті донор да табылыпты. Ендігі бар үміт – министрлік пен қайырымды жандарда.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы Конституцияның 26-шы бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Ұрлаған алтындарын сүйіктісіне сыйлаған ақтөбелік полицей ұятқа қалды

Баян Есентаеваның болашақ жары әйелімен ажырасу үшін арыз түсірді

22 жастағы ақтөбелік бойжеткен анасын өлімнен арашалап қалды (фото)

ЭКСПО-ға кететін үш миллиард долларға не істеуге болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1425580-sqo-da-tunhghyshynan-ayyrylghan-ata-ana-zha/

pixel