RU
Қазақтың төл теңгесіне девальвация қаупі төніп тұр ма?
Жаңалықтар Финансы

Қазақтың төл теңгесіне девальвация қаупі төніп тұр ма?

Рассказать Вконтакте

Ақпан айының соңындағы теңгенің бағамы 2015 жылдың желтоқсанының екінші жартысынан бергі максималды көрсеткіш ретінде тіркелді. Валюта нарығының ақпан айындағы қорытындысы туралы брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Қазақтың төл теңгесіне девальвация қаупі төніп тұр ма?

Данияр Ақышев. Фото: Казправда

2017 жылдың ақпан айында АҚШ долларына шаққандағы теңгенің бағамы 3,5 пайызға нығайды. Ал жыл басынан бері 6,2 пайызға көтерілді.

«Теңгенің нығаюына бірінші кезекте мұнай бағасының көтерілуі әсер етті. Қазір мұнай бағасы 55 доллардан асып, сол деңгейге тұрақтады. Жалпы, мұнайдың қымбаттауына ОПЕК ұйымы мен оған кірмейтін өзге де мұнай экспорттаушы елдерінің өндірісті азайту туралы келісімі түрткі болды», — деді бас банкир.

Сонымен қатар, бас банк басшысы ақпанның екінші жартысында шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіші де теңескенін алға тартты. Дегенмен, бұл уақытша ғана нәрсе екені де айтылды.

«Экспорттаушы кәсіпорындар валюталық табыстарының бір бөлігін салық төлеуге жұмсады. Бұл өз кезегінде шетелдік валюта сұранысын арттырды. Нәтижесінде теңге тағы нығая түсті. Ал «салық аптасының» аяқталуымен ақпан соңында теңге аздап әлсіреді. Наурыз айында да бұл қайталануы мүмкін. Дегенмен, теңгенің құлдырауынан мұнайдың қымбаттауы сақтайды», — деді Ақышев.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады

Путин Қырғызстандағы базасын кез-келген уақытта жинап алуға дайын екенін айтты

Балқаш тұрғыны тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісін ұрып өлтірді

Еліміздің жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі

Қанат Ислам WBO белбеуі үшін айқаса ма?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
3
3
0
13
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel