Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аудан әкімі алғыс айту күнінде халықтың ризашылығына бөленді (фото)

Опубликовано:

«Алғыс айту» күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев жұртшылықтың алғысына бөленді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бәрі де рахмет үшін» атты акция аясында созақтық 100 отбасыға 700 киім таратылды. Тосын сыйлыққа ие болғандардың бірі – көпбалалы ана Жеңіскүл Қалмырзаева.

«Осындай игі істі ұйымдастырып отырған аудан басшылығына алғысымды айтамын. Балаларымызға қажетті киімдерді алдық. Бұл акция жыл сайын өз жалғасын табады деген үміттемін. Бәрі үшін рахмет», - деді көпбалалы ана.

Қайырымдылық шарасы барысында бұдан өзге әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға 10 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Айта кету керек, әкімдік бастамасымен қолға алынған акция жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен жүзеге асып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте сәбиін қоқыс маңына тастап кеткен әйелге медициналық көмек қажет

Түрмеде жатқан Бақытбек Есентаев өзін қолдаған барша жандарға алғыс айтты

2 жасар балаға таласқан әйелдердің ісін сот нақты шеше алмай жүр

Еліміздің жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі

Қазақтың төл теңгесіне девальвация қаупі төніп тұр ма?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1425961-alghys-aytu-kuninde-audan-akimi-zhurtshy/

pixel