Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан қашып кеткен олигарх шетелде қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

Опубликовано:

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаев 2009 жылдың шілдесінде компания президенті Мұхтар Жәкішев қамауға алынардың алдында Канадаға қашып кеткен болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланған.

Экс-шенеунік Қазақстанда болып жатқан жайттарға қатысты Facebook желісінде белсенді пікір қалдырып отырады. Соңғы жазбасында ол қазақстандық журналистердің Астанада полицейлерге қыр көрсеткен жастарды "дөкейлердің баласы" деп атағанын түсіне алмайтынын жазған.

«Мені де дөкейлердің баласы қатарына жатқызуға болатын шығар? Әкем - Мемлекеттік жоспардың төраға орынбасары. Ата-анамның ортақ жалақысы - 800 рубль. Екеуі де ғылым кандидаттары болған. Сол кезде жүргізушінің өзі 1000 рубль табатын... Отбасымда 1000 рубльдан артық ақша жиналған емес. Өзімде тек бір ғана костюм болатын. Есесіне ата-анам мені өмір бойы кітап оқуға ынталандыратын", - деп жазған Тұрсынбаев. 

"Қазір де мен танымал адамдарың балаларын желіден көріп жүрмін. Бәрі қарапайым, білімді адамдар. Киімінен де айтарлықтай айырмашылық көрмедім", - деп "дөкейлердің баласын" жақтады ол.

"Енді кез келген бұзақы дөкейдің баласы болып шыға келеді. Біз ешқашан ешкімге, әсіресе полицейлерге қыр көрсеткен емеспіз", - деп ренішін білдірді қашып кеткен шенеунік.

Канадаға жете салысымен шарап қоймасы, бас аспазы, асүйі, кітапханасы бар 3,6 млн долларлық вилла сатып алған экс-шенеунік әйелімен, 15 жастағы ұлымен және алты жастағы қызымен шалқып тұрып жатыр. Рүстем Тұрсынбаевтың Араб әмірліктерінде жылжымайтын мүлкі де бар деседі.

Рүстем Тұрсынбаев заңсыз табыстарды заңдастырып, ақша жымқырды, қылмыстық топ құрып, жалған құжаттар әзірледі деп айыпталуда. 2011 жылдың тамызында Интерпол Рүстем Тұрсынбаевты "қызыл циркулярға" енгізді, ал 2012 жылдың ақпанында ол Торонто және Канада шекара қызметі агенттігінің полициясымен қамауға алынған болатын.

Тұрсынбаевтың әйеліне және өзіне 48 млн доллар аударғаны анықталды.

Сот отырысы алдында Тұрсынбаев басы айналып, жүрегі ауырып тұрғанын алға тартып, сот кейінге қалдырылған. Кейін Канада соты қашқын шенеунікке тағылған көптеген айыптарды алып тастады.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да аудан әкімі алғыс айту күнінде халықтың ризашылығына бөленді (фото)

Сегіз рет тұрмысқа шыққан Алматы тұрғыны тағы да ажырасып жатыр

"Барселона" клубының бас бапкері қызметінен кеткелі жатыр

Димаш Құдайберген: Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын (фото)

Отандық шоу бизнестегі тағы бір топтың құрамы өзгерді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1426401-qazaqstannan-qashyp-ketken-oligarkh/

pixel