Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі ақындар әлеуметтік желіде айтысып қалды

Опубликовано:

Әйгілі айтыскер ақындар Мұхамеджан Тазабеков пен Дәулеткерей Кәпұлы Facebook желісінде айтысып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қашан да ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүретін Мұхамеджан Тазабеков "Қазақтың ат әбзелдері қадым заманнан қажеттілік пен комфорттың құралы болса, бүгін ол алыс ауыл мен жақын музейден ғана көрер этнографиялық этюд (үзік) болып барады. Тұрмысымыз түбегейлі өзгерсе де, ұлттық түп-тамырымыз осылардан екенін ұмытпайық", - деп жазды парақшасына.

Ақынның жазбасына пікір білдірген от тілді, орақ ауызды ақын Дәулеткерей Кәпұлы:

"Жонжайлауда өскесін кешіп айдын,

Түйесі жоқ қазақтың көші - қайғым.

Араптың даласынан қайтқан болсаң,

Мұхажан, атқа мінсең, осылай мін!", - деп бір шумақ өлең арнады.

Ал, оған жауап берген Мұхамеджан Тазабеков:

"Жоқ менде Қазақиядан өзге құнды ой,

Қанымнан, қағымнан да безбедім ғой.

Сыртымнан Арабияның даласына

Апарып, әкеп жүрген өздерің ғой...", - деп жазған.

Өз кезегінде Дәулеткерей ақын да үндемей қалмай:

"Мұртсыз сақал желпілдеп тамам аста,

Араб боп әңгіме айтып алақашпа.

Астыңа мінгенің де "арабыдан",

Ат басын қашан бұрдың мама ағашқа?!", - деді.

Оның "Арабы" деген сөзімен келіспеген Тазабеков:

"Мінгенім "арабы" емес, "жапондық ат",

Бабаңның сипаты еді сақал тым-ақ.

Жолы түзу жан айтса жұрт сенбейді-ау,

Аузы қисық пенде айтса, закон бірақ...", - деп қайырды.

Бұл сөздерге Кәпұлының берген жауабы мынадай болды:

"Астыңнан ақсамасын "жапондық ат",

Ал, "мұртсыз жараспайды сақал бірақ".

Арабы бас білмейтін асау құсап,

Басыңда ала қаштың, шо там, брат?!"

Айтысты достық пейілмен аяқтағысы келген Мұхамеджан ақын:

"Екеуміз неғыламыз енді алысып,

Бауыр боп аяқтайық, кел, қауышып!

Не мінсе де түспесін Қазақ аттан,

Жүрейік үзеңгіні тең қағысып!", - деп түйіндеді.

Ал, желіде өткен "онлайн-айтысқа" қазақтың белгілі азаматы, балуан Манарбек Керей "Мухамеджан 10 ұпай, Даулеткерей 5 ұпай" деп баға беріп, Тазабековке жеңіс сыйлады.

Осы орайда, қос азаматтың да 2000 жылдары атағы жер жарған танымал айтыскер болғанын айта кеткен жөн болар. Ал, қазірде Мұхамеджан Тазабеков "Асыл арна" телеарнасының тізгінін ұстап отыр.

Тағы оқыңыздар:

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

ҰБТ-да Баян Есентаева мен Нұртас Адамбаевқа қатысты сұрақтар жүр (фото)

Күйеуінің тепкісінен шаршаған аяғы ауыр әйел белгілі блогерден ақыл сұрады

Астаналық тұрғын елордада экстремистік ұйымның "ұясын" құрмақ болған

Туған інісін пышақтап өлтірген ақтөбелік тұрғын сот алдына келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1427073-aygili-aqyndar-aleumettik-zhelide-ayt/

pixel