Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер органдарында қызмет ететін ең сұлу арудың арманы қандай? (фото)

Опубликовано:

"Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкер"  сауалнамасы өз мәресіне жетті. NUR.KZ порталы оқырмандарының таңдауы бойынша он арудың ішінен сұлу да сымбатты, өз ісіне жауапты нағыз маман Сабина Башенова жеңіске жетті.

Сабина Имантайқызы - Ішкі істер департаментінің көліктегі есірткі бизнесімен күрес бойынша басқармасының аға жедел уәкілі, капитан.

Бойжеткен ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап қызмет етеді.

Сабина Қарағанды облысында дүниеге келген.

Сабинаның қызметі қатаңдықты талап еткенімен, өмірде биязы, инабатты қыз.

«Мектепте оқып жүрген кезімде мен анама еліктеп, дәрігер болғым келді. Оның қалай жұмыс істеп отырғанын, адамдарға көмектесіп жатқанын сағаттап қарап отыратынмын. Ал, кейін мамандық таңдау кезінде анам маған тәртіп сақшысы болуды ұсынды. Өзімнің ағам мен апайым да ішкі істер органдарында қызмет ететін. Анамның кеңесіне құлақ асып, Қарағанды қаласында «құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым. Міне, анамның арқасында қазір мен сіздердің порталдарыңызға сұхбат беріп отырмын», - дейді ол.

Сабина қызметтен бос уақытында фитнеске, биге қатысады. Бойжеткен әлем елдерін аралап шығуды армандайды.

Қазірге дейін Сабина Таиланд, Ресей, Түркия елдерінде болып қайтыпты. Осы жазда Испанияға баруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге салсақ, NUR.KZ оқырман назарына ішкі істер органдарында ең көрікті аруды таңдауды ұсынған еді. 8 наурыз мерекесі қарсаңында портал барша аруды осы атаулы күнмен құттықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1427826-ishki-ister-organdarynda-qyzmet-eteti-2/

pixel