Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Хаменова: Мен президентті жақсы көремін

Опубликовано:

Депутат Бақытгүл Хаменова әлеуметтік желіде оның қатысуымен жасалған мемдер мен әзіл аралас видеоларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әрнине халық мені неге түсінбеді деген өкпе болды. Мен еңкілдеп жыладым немесе ренжідім дей алмаймын. Түсінбестік болғасын, өзімді жайсыз сезіндім. Дегенмен уақыт бәріне емші деген ойдамын», – дейді Хаменова.

Депутат шын жүректен сөйлегенін алға тартты.

«Мен елбасын жақсы көремін. Президентпен "көзімді аштым". Мен тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын. Мен неге бұл сөздерді шын жүректен президентке айта алмаймын? Әркімнің өз көзқарасы бар және бұған ешкім тыйым сала алмайды. Сіз президент біздің тәуелсіз елімізді құрды дей аласыз ба? Сіз журналист ретінде біздің бақытты өмірімізге Алла мен президенттің ақылды саясаты септік болды дей аласыз ба?», – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Хаменова астаналық әуежай мен Астананың өзіне Назарбаевтың есімін беруді ұсынған болатын.

Желі қолданушылары мұны әзіл аралас мемге айналдырып, тіпті Солтүстік Корея дикторының сөздері мен депуаттың сөздерін ұқсатқан видеоны жария еткен.

Тағы оқыңыздар: 

Ауқатты алматылықтар мысығына жеке көлік пен күтуші әйел жалдап жатыр

Ақбота Сейітмағамбет үш баласы бар Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты (фото)

Шымкенттік шенеунік немересіне Нұротан деп ат қойған (фото)

Қазақстанға Шавкат Мирзияев келе жатыр

Президент үш министрді тікелей өзі тағайындайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1430136-deputat-khamenova-ozin-zhelide-mazaq-et/

pixel