RU
Шымкентте қытайдың сөмкесінен табылған сәбиге дәрігерлер ерекше ат қойды (видео)

Шымкентте қытайдың сөмкесінен табылған сәбиге дәрігерлер ерекше ат қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте қытайлық ала сөмкеге салып, көшеге қалдырып кеткен сәбиге дәрігерлер ерекше ат қойды. Оның есімін ақ халаттылар Артугай деп атаған. Арнайы аппаратқа қосылған нәрестенің қазіргі жағдайы жақсы деп хабарлайды NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда бүгінде нәрестенің тәбеті ашылып, өмірге деген құлшынысы оянған. Тиісті құжаттардың барлығы дерлік дайын болғанда баланы облыстық балалар ауруханасына ауыстырмақ.

Сөмкеден табылған бөбектің денсаулығы бойынша қорытынды тек медициналық сараптаманың нәтижесінен кейін белгілі болмақ.

Еске сала кетейік, 4 наурызда Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылының тұрғындары жергілікті мектептің жақын маңынан жаңа туған нәрестені тауып алады.

Шарана бірден аудандық ауруханаға жеткізілген. Аязда далада біраз уақыт жатып қалған Артугай әбден суықтап қалған. Абырой болғанда бала дер кезінде табылған.

Қазіргі таңда нәрестенің тағдырына селқостық танытып, далаға тастап кеткен ана іздестірілуде. Қылмыстық іс қозғалған. Айта кету керек, дәл осындай жағдай 25-ші ақпанда Шымкент қаласы, Гагарин көшесінде тіркелген.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте "әкімнің әйелі" шу көтеріп, жүргізушінің "быт-шытын" шығармақ болды (фото)

Танымал қазақ балуаны Арман Оспанов допингпен ұсталды

2 млрд теңгені жымқырған Қорғаныс министрлігі өкілдері сотталып кетті

Семейде құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 10 жасар баланы таппай жатыр

Алматыда стриптизші жігітке клиенті 12 000 доллар ұсынған

Сіздің реакцияңыз
46
4
4
14
0
13
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel