RU
Медеу Арынбаевтың ер жетіп қалған ұлы сымбатымен елді тәнті етті (фото)

Медеу Арынбаевтың ер жетіп қалған ұлы сымбатымен елді тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Медеу Арынбаев кеше өзінің 50 жасқа толу мерейтойын достары мен әріптестерімен бірге атап өтті. Кешке достарынан бөлек әншінің балалары да келді.

Желіде әншінің ер жетіп қалған ұлы Дәулеттің суреті пайда болды. Оны өзінің желідегі парақшасына Сәкен Майғазиев жүктеді.

"Медеу ағамыздың "Батыр болар ма екенсің алып тұлғалы, Ақын болар ма екенсің жазар жыр, әнді..." деп ақжолтай болып, ән арнаған алтын асықтай ұлы Дәулет құлыншақпен", - деп жазды Сәкен.

Медеу Арынбаев өзінің жеке өмірі мен балаларын елге көрсете бермейтіні белгілі. Осыдан бірнеше жыл бұрын жан жары бақилық болған әнші бүгінде екінші мәрте үйленген жоқ.

Ал әншінің ұлы Дәулеттің ер жетіп қалғанын көрген желі қолданушылары таң қалысын жасырмады. Олар әке мен ұлды бір-бірінен айнымайтынын байқап қалған.

"Ұлының бойы әкесінен ұзын. Алла тіл көзден, бәле-жаладан сақтасын. Сүйікті әншіміз, перзенттеріңнің қызығын көре бер", "Өсіп қалыпты", "Бұл әкесінен сымбаты жағынан да, өнері жағынан да озсып шықсын. Сүйікті әншіміз балаларының қызығын көре берсін", "Бұл балаларға Алла жар болсын", - жүрекжарды тілектерін арнады тыңдармандар.

Тағы оқыңыздар:

Өскемендегі мейрамханалардың бірі суға ағып кетті

КХДР Сеул мен Токиоға қауіп төндіріп тұр

Алматы облысында мешітті "миналаған" терроршы ұсталды

Сіздің реакцияңыз
8
4
6
2
0
233
15
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel