Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай тұрғыны оқу меңгерушісін ұлымды ұрды деп айыптады

Опубликовано:

Қостанай қаласының тұрғыны мектеп меңгерушісін "7-ші сыныпта оқитын ұлымды соққыға жықты" деп айыптады. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ирина Токарева - Бурли ауылының тұрғыны. 23 ақпанда оның ұлы мен мектеп меңгеруші-ұйымдастырушысы Серік Фазылбековтың арасында жанжал болады.

Иринаның айтуы бойынша, оның ұлын Фазылбеков бейпіл сөздерді айтқаны үшін тәртіпке салмақ болады.

Шошынып қалған баласының көз жасын көрген ана ұлын бірден жергілікті емханаға алып барады. Ақ халаттылар болса оның сол жақ құлағы жарақат алғандығын анықтайды және ұл баланың сол жақ беті қызарып қалған.

Бұндай келеңсіздікке тап болған оқушының анасы бірден полицияға хабарлап, шағым түсіреді.

Карабалық аудандық Ішкі істер бөлімінде осы жайт бойынша өтініш түскендігін растаған. Сонымен қатар, аталмыш қылмыстық іс бойынша Серік Фазылбевовқа қылмыстық кодекстің 109 бабы бойынша іс қозғап, оны сотқа жіберген.

Сот шешімі әлі қабылданған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі анасы мен жарына көпшілік алдында алғыс айтып, елді сүйсінтті (видео)

Ұрланған қалыңдық өзін кемсіткен күйеу жігіт пен оның әпкесін сотқа берді

Әйгілі әнші қызына 26 мың долларға көйлек тіккізіп берді (фото)

Джейкобс Головкинге тосын сый жасауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1431490-qostanay-turghyny-oqu-menhgerushisin-ul/

pixel