RU
Ақмолада жас келін енесінің алтындарын ұрлап, қашып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмолада жас келін енесінің алтындарын ұрлап, қашып кеткен

Расказать Вконтакте

Ақмолалық полицейлер туған енесінің алтындарын ұрлады деген күдікпен 38 жастағы әйел адамды ұстады деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Ақмолада жас келін енесінің алтындарын ұрлап, қашып кеткен

Көрнекі фото: rostov.press

Қылмыс өткен жылдың сәуір айында орын алған.

2016 жылдың 30-шы сәуірінде Аршалы АІІБ кезекші бөліміне ұрлық ісі бойынша Жібек-Жолы ауылының 1993 жылғы тұрғыны шағым түсірген.

Арызданушы қыз құқық қорғау қызметкерлеріне анасының үйінен белгісіз біреулердің алтын бұйымдары мен екі ноутбук, қымбат төсек жапқыштарды ұрлап кеткенін хабарлайды.

Жалпы шығын шамамен 350 мың теңгені құраған.

Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасаушының тұлғасын анықтады. Ол арызданушы әйелдің 1979 жылғы туған келіні болып шыққан. Қызылордалық қыздың оның баласымен азаматтық некеге тұрғанына бір ай болған.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, күйеуі мен енесі қонаққа кеткенде , олардың үйде жоқтығын пайдаланған келіні алтын бұйымдарын, басқа да бағалы заттарды ұрлап, жасырынып қалған.

Аталған іс бойынша күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Қарағандыда ұлы пышақтап өлтірген әйел туралы көршілері айтып берді

Семейде суға кеткен баланың мүрдесін құтқарушылардан бұрын туыстары тапқан

Дәрігерлер атауы өзгертілген көшені іздеп жүргенде сырқат сәби өліп қала жаздады

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
71
7
14
7
0
6
16
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір