RU
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Расказать Вконтакте

Республиканың  солтүстік, шығыс және орталық аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Хабар арнасы.

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Көрнекі фото: HitGid

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын мен жел тұруы болжанады.

Ақмола облысының кей бөліктерінде тұман, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл облысының кейбір аймақтарында тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысының біршама аймақтарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен, Қарағанды облысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман болады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Қарағандыда ұлы пышақтап өлтірген әйел туралы көршілері айтып берді

Семейде суға кеткен баланың мүрдесін құтқарушылардан бұрын туыстары тапқан

Дәрігерлер атауы өзгертілген көшені іздеп жүргенде сырқат сәби өліп қала жаздады

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
2
5
1
0
0
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір