Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің байлары тұратын 3 млрд теңгелік зәулім үйлер қандай? (фото)

Опубликовано:

Шымкенттің элиталық ауданындағы ең қымбат жекежайлардың кейбірі 3 млрд теңгеге жетеді. NUR.KZ порталы зәулім үйлердің бірқатарын назарларыңызға ұсынады.

Шымкентте ұзақ уақыт бойы "Шапағат" ауданы элиталық аудан саналып келді. Одан кейін Қонаев даңғылы да элиталық санатқа енген.

Ол жердегі бірқатар зәулім үйлер сатылымға қойылған.

Ең қымбат үйдің құны krisha.kz сайтының мәліметіне сәйкес, 3 млрд теңге тұрады.

Оның ауданы — 500 шаршы метр. Үй әлі салынып бітпеген.

Тағы бір 12 бөлмелі үшқабатты үйдің ауданы 900 шаршы метр, 12 сотық жері бар. Бұл үй үшін қожайыны 400 млн теңге сұрауда.

Шымкенттегі келесі элиталық аудандар - «Наурыз» бен «Тараз».

Мұндағы үйлердің дені екіқабатты, ал құны 40-300 млн теңге төңірегінде.

«Наурыз» ықшамауданынан сыртта ойнап жүрген балаларды немесе орындықта әңгімелесіп отырған әжелерді көріп қалуыңыз екіталай. Тек қақпа ішіндегі иттің үрген дауысын естисіз.

Татулық көшесіне асфальт төселмеген.

«Тараз» ықшамауданынан үй сатып алғыңыз келсе, 60-300 млн теңгеңізді әзірлей беріңіз.

Тағы оқыңыздар:

Промоутер Головкинді көре алмайтындарға жауап берді

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Қарағандылық келіншек күйеуін қорғамақ болып полицейді аяусыз ұрып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1437164-shymkenttinh-baylary-turatyn-3-mlrd-tenhg/

pixel