Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы жарымен дәм-тұзы жараспаған отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Көпшілік алдында күлімдеп, жарқырап жүрсе де, өз мұңы мен өткені бар танымал тұлғалар қаншама?! Дегенмен тағдырдың сынағына мойымай, ел сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген жұлдыздар да бар. NUR.KZ порталы отбасында дәм-тұзы жараспаған шоу-бизнес өкілдерін тізіп шықты.

Баян Есентаева

Есентаевтар отбасы үшін 2016 жылы өте ауыр болды. Маусым айында қайғылы оқиға орын алып, кейінірек сырт көзге тату-тәтті болып жүрген ерлі-зайыптылардың «бетпердесі» ашылды.

Отағасы Бақытбек Есентаев қылмыстық жауапкершілікке тартылса, танымал продюсер Баян Мақсатқызы арада көп уақыт өтпей жаңа сүйіктісін елге таныстырды.

Айгүл Иманбаева, Алтынай Жорабаева

Танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың алғашқы жары болғаны елге белгілі. Айгүл ханым бүгінде Сәбиттен туған ұлы Асылжанды тәрбиелеп отыр.

Соңғы кезде Әбдіхалықов мырзаның екінші жары Алтынай Жорабаевамен де ажырасып кеткені туралы қауесет тарап жүр. Алайда өнерлі жұп бұл туралы әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.

Шаhизада

Өткен жылы үш мың көрерменнің алдында немересінің тұсауын кескен әнші жуырда тағы да ғашық болып қалғанын мәлімдеді. Айта кетерлігі, Шаhизада Байпатшанова бұған дейін екі рет тұрмысқа шыққан. Екінші күйеуімен он жыл бірге тұрған.

Дильназ Ахмадиева

2011 жылдың қыркүйек айында тұрмысқа шыққан Дильназ Ахмадиева жолдасы Ахмадты көпке дейін ел назарынан аулақ ұстады. Тіпті журналистерге шаңырақ көтеру тойындағы фотоларды жариялауға тыйым салды. 2015 жылы бұл некеге нүкте қойылып, әнші күйеуімен ажырасып кетті.

Асхат Тарғынов

«Чип-чип-чип» деп ән салып, көпшілік назарына түскен Асхат Тарғынов та құсын ұшырып алғандардың бірі. Алғашқы некесі үш жылға созылған әншінің Айым есімді қызы бар. Тарғынов мырза қызына үнемі қолдау көрсетіп, жүздесіп тұрады.

Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан мен тележүргізуші Асхат Садырбай 2011 жылы шаңырақ көтеріп, тіпті олар некелерін электронды портал арқылы тұңғыш тіркеткен алғашқы жұп болған еді.

Олардың Мүсілім есімді ұлдары дүниеге келген соң ерлі-зайыптылар екіге айырылысты. Асхат Садырбай екінші рет шаңырақ көтергенімен, ол да сәтсіз болды. Кейінірек Садырбай мырза үшінші рет үйленді.

Мәдина Сәдуақасова

2006 жылы ақ босаға аттап, Оңтүстік Қазақстан облысына келін боп түскен әнші Мадина Сәдуақасова 2008 жылы күйеуімен ажырасып кетті. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі 2014 жылдың ақпанында екінші рет тұрмысқа шықты. Бүгінде жолдасы Олжас Смағұловпен бірге Әнуар есімді ұлды тәрбиелеп отыр.

Нұрлан Албан

Нұрлан Албан - танымал ақын Назира Бердалының бұрынғы күйеуі. Екі жас шаңырақ көтергенде көпшілік бақыт тілеп, тіпті сүйсіне қараған-ды. Алайда мінездері жараспаған ерлі-зайыптылар айырылысып кетті. Қазіргі таңда екеуі де бақыттарын екінші некеден тапты.

Ақбота Керімбекова

Екі рет тұрмысқа шығып, бақыты көпке созылмаған әнші Ақбота Керімбекова үш баласын асырап отырған жалғызбасты ана болатын. Жуырда өнер иесі үшінші рет күйеуге шыққанын айтты. Әншінің сөзіне сенсек, оның қазіргі жолдасы өнеріне аса құрметпен қарайды. Есімі – Рауан.

Еркін Нұржанов

Әнші Еркін Нұржановтың алғашқы жарына деген махаббатын тыңдармандары әлі ұмыта қойған жоқ. Тіпті жұбайына арнап «Аягөз» деп ән салған жұлдызды ажырасады деп ешкім ойламаған да еді.

2014 жылы Еркін екінші рет шаңырақ көтерді. Әйелінің есімі – Динара.

Маржан Арапбаева

Бірінші күйеуінен дүниеге әкелген Әмира есімді қызды жалғыз тәрбиелеп келген әнші Маржан Арапбаева 2014 жылдың тамыз айында екінші рет босаға аттады. Танымал эстрада жұлдызының жары өнерден мүлдем алыс жан, полиция қызметкері. Есімі – Ербол.

Баян Нұрмышева

Баян Нұрмышеваның әріптесі Ерлан Орынбасаров - әншінің екінші күйеуі. Орынбасаров мырза да оған дейін бір рет некеде болып үлгерген. Бүгінде бұл отбасы бала тәрбиелеп, бақытты күн кешуде.

Әнел Арынова

“КешYou” тобының бұрынғы әншісі Әнел Арынова 2014 жылы тұрмысқа шықты. Оның да некесі көпке созылмады. Қазіргі таңда әнші Имран есімді баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

Әдемі

Қазақ эстрадасына қадам басқанына көп уақыт өте қоймаса да, ерекше сүйкімділігімен ел назарын өзіне аударта білген әнші Әдемі де күйеуімен ажырасқан. Айтпақшы, жуырда итальяндық әнші Вальтер Риччи Әдеміге үйлену туралы ұсыныс жасады.

Көп уақыт өтпей қазақ қызы шетелдік жігітті өз ата-анасымен таныстырды.

Сая Оразғалиева

19 жасында тұрмысқа шыққан актриса Сая Оразғалиева да алғашқы некеде жолы болмаған шоу-бизнес өкілі. Бүгінде оның бір ұлы бар.

 

Дәурен Айдарқұлов

«Гламур для дур» фильмінен соң шудың ортасында қалған актер Дәурен Айдарқұловтың «Кешьюдің» бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбетпен көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тарады.

Алайда жұлдызды жұп ресми түрде ештеңе мәлімдей қойған жоқ. Дегенмен әнші Ақбота шындықтың бір ұшын шығарып, Дәуренмен түскен фотосын көпшілікпен бөлісіп үлгерді. Айта кетейік, бұған дейін “КешYou” продюсері Ақботаның топтан аяғы ауыр болып кеткенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Қалетаев: Отанын сатқандар Қазақстан азаматтығынан айырылады

Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын

Головкин: Madison Square Garden екінші үйіме айналды, сондықтан қорықпаймын

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1437254-alghashqy-zharymen-dam-tuzy-zharaspaghan-o/

pixel