Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық бойжеткен Баян Есентаеваның оқиғасынан соң еркектер туралы пікірін өзгертті

Опубликовано:

Бұдан бұрын батыс елдеріндегі өзінің туа бітті жаратылысынан, жынысынан жеріп жүрген адамдар туралы жиі еститін едік. Енді бұл біздің қоғамға да келіп жетті. Қаракөз қазақ жастарының осы қадамын көпшілік азғындық деп бағалайды. Дегенмен, бүгінгі таңда оларды қолдап шыққандар да табылып жатыр.

NUR.KZ порталы елімізде бір жыныстылардың «жанын түсінуге» тырысып жүрген қазақ қызынан неліктен осындай ұстанымды құп көретінін анықтады. Өзін феминистпін деп атайтын Әлия Қадырованың айтуынша, қазақ қоғамында гейлер мен лесбилердің саны біз ойлағаннан анағұрлым көп.

Желіде біржыныстыларды «қорғаштап» жүретін блогер елімізде әйел мен ердің құқығы заң бойынша тең болса да, іс жүзінде олай емес деп ойлайды. Бойжеткен өзінің феминистік көзқарасты ұстануына Баян Есентаеваның басынан өткен жағдай себеп болды деп отыр. Сондай-ақ, оған былтыр сексуалды зорлық көрген әйелдердің жаппай басынан өткен оқиғаны жария етуі түрткі болыпты.

«Жалпы біздің елімізде әйел мен ердің тең екендігіне заң бойынша кепілдік берілген. Алайда мәдениетімізде әйелдерді төмен ұстау сақталған. Бұл әсіресе қиын жағдайларда, мысалы зорланған жәбірленуші әйелдің өзін кінәлаудан, осылайша қылмыскерді ақтап алудан байқалады. Немесе күйеуінен таяқ жеген әйелдің шағымына полиция аса мән бермейді, олар әйелге бар бәлені жаба салуы мүмкін»,-дейді өзінің феминистік бағытты не үшін қолдайтынын айта келе Әлия Қадырова.

Осылайша ол әйел құқығының тапталып жатқанына сенімді.

«Менің желіде осы тақырыпта видеоблог жүргізуіме әсер еткен өткен жылғы Баян Есентаеваның басынан өткен жағдай. Сондай-ақ, елімізде өзін зорлағаны туралы ашық айта бастаған әйелдердің әңгімелері де мені мазаламай қоймады», - дейді видеоблогер.

Әлия Қадырова Қазақстанда табиғи жынысынан бас тартып, шатасып жүрген жандардың саны біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін дейді. Бойжеткен өз парақшасында қоғамның осы бір өкілдерін жақтап жүр.

«Менің араласып жүрген ортамда лесби, гей, бисексуалдар мен трансгендер өкілдері бар. Меніңше, бізде олардың құқықтары тапталып отыр. Жай адамдармен салыстырғанда олар некелесе алмайды, бала асырап, тәрбиелей алмайды. Гомосексуалды қатынастарды қоғам қатаң айыптайды. Олардың да ел қатарлы өмір сүруге құқығы бар деп ойлаймын»,-деп өз ойын білдірді қазақ қызы.

Әлия Қадырованың өзі болашақта отбасын құрып, бала сүюге қарсы емес. Алайда, ол әйелдің өмірлік міндеті бала туу емес деп есептейді.

«Әйелдің өмірге келгендегі мақсаты бала туу емес. Әркім өзіне қайсысы маңызды екенін анықтауға құқығы бар. Біреуге мансап бірінші орында тұрар, ал екіншісіне отбасы. Маған өзімнің отбасым маңыздырақ. Мен балаларды жақсы көремін. Өзімнің балам болғанын қалаймын. Бірақ әзір емес», - дейді бойжеткен.

Видеоблогер ЛГБТ өкілдерінің өздерін «қоғамдағы азшылықпыз» деп неліктен жар салатынын түсіндіріп бақты.

«Көшеге шығып өздерін аз топ өкілі ретінде көрсету себебі талаптарын ел естісе екен дегені. Және онысы заңды деп ойлаймын. Олар да бақытты болғысы келеді», - деп ағынан жарылды ЛГБТ жақтаушысы.

Алайда ол қазақ қоғамы гейлер мен лесбилерге толеранттылық танытады дегенге сеніңкіремейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1442286-almatylyq-boyzhetken-bayan-esentaevan/

pixel