Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің әйгілі миллиардерлерімен көңіл жарастырған қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Гаухар Берқалиева немесе Гога Ашкенази әлемдік элита өкілдері жиі талқыға салатын қазақ қызы. Елімізде оны халықтың ақшасын шашып жүр деп айыптаса, басқалары оның іскерлік қабілетін үлгі тұтады. Қалай десек те, оның айналасындағы дүниелер қарапайым жұрттың қызығушылығын тудыратыны рас.

NUR.KZ порталы ғаламтордағы ашық ақпарат көздерінен Гога Ашкеназидің өмір салты туралы мәліметтерді ұсынады.

Гога Ашкенази (Гаухар Берқалиева) әлемдегі ең бай және атақты әйелдердің бірі, Vionnet/Paris сән үйінің иесі Тараз қаласында дүниеге келген.

Гаухардың әкесі инженер болған. Олар 80-ші жылдардың басында отбасымен Мәскеуге қоныс аударады. Анасы Гоганы 13 жасында Англиядағы мектептердің біріне оқуға жібереді. Мектепті бітірген Гога Окфорд университетінің экономика-тарих факультетіне түседі.

Кездейсоқ жағдайда Гога бесжұлдызды қонақүйлер желісінің иесі, американдық миллионер Стефан Ашкеназимен танысады. Көп ұзамай сол жігітке тұрмысқа шығады. Алайда бұл неке ұзаққа созылмайды. 2007 жылы ол Стефан Ашкеназимен ажырасып тынады, бірақ тегін сақтап қалады.

Атақты кәсіпкер ретінде ол ресейлік және британдық баспасөздің жұлдызына айналды.

Қазіргі уақытта Гога Лондон, Париж, Нью-Йорк, Милан қалаларының ортасында жүреді. Әлемдік элита өкілі.

Оның табысының басым бөлігі Қазақстаннан түсіп отырады. Ол жекеменшік «МұнайГаз Инжиниринг Групп» мұнайгаз компаниясының бас директоры қызметін атқарып келеді.

Гога Ашкеназидің жанында кімдер жүреді?

Гога Ашкеназидің тасы өрге домалап тұр. Оның жүрген жері кино және өнер жұлдыздарының, корольдік отбасы өкілдерінің және әлемдік Forbes тізімінде алғашқы орындарда тұрған бай-бағландардың ортасы.

Атақты топ-модельдер, белгілі сән үйлерінің иегерлері, аты жер жарған суретшілер мен фотографтар және оның жүрегін жаулап алғысы келетін бай жігіттер Гоганың көңілді кештерінен қалмайды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтың жойылып кететінін айтқан актер Нұрлан Ноғаевтан сөз естіді

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа арнап Алматыда тосын сый жасаған (видео)

Головкинге тіл тигізген Қуат Хамитті жас балуан жекпе-жекке шақырды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1443353-alemninh-aygili-milliarderlerimen-ko/

pixel