Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі актер Әнуар Нұрпейісовтің облыста өткен блог құрылтай кезіндегі сөзін дұрыс таратпағаны үшін кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл қателік баспасөз қызметі қызметкерінің актердің сөзін дұрыс түсінбеуінен туындаған.

Материалға арқау болған актердің блогқұрылтайда сөйлеген сөзі мәнмәтіннен алынған. Ал Әнуар болса, қазақтар ұлт ретінде жойылатынын емес, 1000 жылдан соң жер бетінде ұлт деген түсінік болмайтынын болжаған.

"Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтан  кешірім сұрайды. Материалда қолданылған тіркестер контексттен алынған болатын. Әнуар Нұрпейісов: "Қазақ халқы жойылып кетеді", - дегенді айтқан жоқ, тек, 1000 жылдан соң әлемде  «ұлт» түсінігі болмайтынын болжаған. Бұл қателік, баспасөз қызметі қызметкерінің  түсініспеушілігі есебінен болды. Облыс әкімі өз кезегінде, осы болжамды болдырмау үшін:"әр ұлт өз тілі мен мәдени мұрасын қастерлеу тиіс", - деп өз ойын білдірді.

Әнуар Нұрпейісовтен тағы да кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Израильде қазақтың киіз үйінде кімдер тұрып жатыр? (видео)

Әлемнің әйгілі миллиардерлерімен көңіл жарастырған қазақ қызы туралы не білеміз?

Өмірінің соңғы минуттарын видеоға түсіріп алған бойжеткеннің әрекеті елді шошытты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1446317-atyrau-oblysy-akimdigininh-baspasoz-q/

pixel