Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Тарғын жүрегін жаулаған жас аруға үйленді

Опубликовано:

"Мария Магделана" әнімен танылған әнші Асхат Тарғын үйленгені туралы сүйінші хабарды NUR.KZ порталына айтып берді.

Әнші оқуды былтыр бітірген 23 жастағы Әлия есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерген. Асхат тойда ән салып жүріп сүйіктісін сол жерде жолықтырғанын айтуда. Алматылық бойжеткен әншінің жүрегін жаулап, енді қос ғашық 12 сәуір күні той жасауды жоспарлап отыр.

300 адамға жоспарланған той үшін әнші 9 млн теңгесін жұмсағанын да айтып қалды.

Еске салсақ бұған дейін Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен ажырасуына не себеп болғанын Астана арнасындағы " Ел аузында" бағдарламасында айтып берген болатын. Асхаттың сөзіне сенсек, жары екеуінің ажырасуына келіншегінің қызғанышы себеп болған.

"Ер адам болған соң халықтың алдында жүресің. Танымал болған соң қыздардан, басқалардан хат келеді. Содан қызғаныш, ұрыс-керіс болады. Сосын ажырасып кеттік", - дейді әнші.

Асхат Тарғынның бұрынғы әйелінен бір қызы бар.

Тағы оқыңыздар:

Амангелді Айталы: Мектептегі мұғалімдердің 40 пайызы күйеуінен ажырасқан

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұрады (видео)

Әлемнің әйгілі миллиардерлерімен көңіл жарастырған қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1446585-askhat-targhyn-almatylyq-boyzhetkenge-u/

pixel