RU
Уақытша тұрақ уақытын қысқартқан Астана əуежайына айыппұл салынды

Уақытша тұрақ уақытын қысқартқан Астана əуежайына айыппұл салынды

Рассказать Вконтакте

"Астана халықаралық әуежайына" автокөлік иелеріне қатысты қиянат жасады деген айып тағылып, 65 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Табиғи монополияларды реттеу жəне бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана бойынша департаменті талдау жүргізіп, әуежайдың бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғанын анықтады.

Атап айтқанда өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалану, яғни әуежайда тегін тұру уақытын 30 минутан 20 минутқа қысқарту жағдайы тіркелген.

Бұл құқық бұзушылық үшін, әуежай әкімшілік жазаға тартылды және мемлекеттің табысына өндіріп алуға табыс көлемінің бес пайызы мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 7 816 069,3 теңгені құрады. Монополистiк қызметi нәтижесiнде алынған 57 317 830 теңгелік монополиялық кіріс тәркiге алынды.

Тағы оқыңыздар:

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Канадада ұсталған Қазақстан тумасының ата-анасы оның кінәсіз екенін айтып, жан ұшыруда

Семейде жеті балалы отбасы құлаған үйде күнелтуге мәжбүр (фото, видео)

Қолөнершіге жарнама жасамай қойған Мөлдір Әуелбекованың басы дауға қалды (фото)

Сұлулығымен күллі әлемді тамсандырған президент жарлары

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel