Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда салмағы 700 грамм болатын сәби дүниеге келді

Опубликовано:

Көкшетауда салмағы 700 грамм болатын сәби дүниеге келді. Дәрігерлер ота жасап, оның өмірін сақтап қалды деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Көкшетау перзентханасында дәрігерлер бір ай бұрын салмағы 700 грамм болып өмірге келген нәрестенің жүрегіне өте күрделі ота жасады. Қазір сәбидің салмағы 1300 келіге жеткен.

Дәрігерлер жаңа туған сәбидің жүрегінде ашық артериалдық түтікше бар екенін анықтаған.

"Ашық артериалдық түтікше ұрықтың эмбрионалды қан айналымын қамтамасыз етеді. Бала туғаннан кейін ол екі тәулік ішінде өзі жабылуы тиіс. Егер сәби күні жетпей туса, ашық артериалдық түтікшені жабу үшін операция жасау қажет", - деді Ақмола облысының бас неонатологы Наталья Чжен.

Ақмола облыстық перинаталды орталығында мұндай ота алғаш рет жасалған, сондықтан Көкшетауға астаналық кардиохирургиялық орталықтың дәрігерлері — кардиохирург Бақытжан Нұркеев пен анестезиолог Әсел Қабақанова шақырылған.

Нәрестенің жүрегіне операция 25 ақпан күні жасалған, бірақ журналистерге тек қазір хабарлап отыр. Өйткені дәрігерлер кішкентай қыздың өміріне еш қауіп жоқ екеніне сенімді. Наталья Чженнің айтуынша, ота сәтті өткен. Дәрігерлер сәбидің денсаулығын жіті қадағаламақ.

Тағы оқыңыздар:

Жезқазғандағы кен орнында төтенше жағдай орын алды

Елді дүрліктірген KazSat-2 жер серігінің жұмысы қалпына келтірілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1453202-kokshetauda-salmaghy-700-gramm-bolatyn-sab/

pixel