Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда көшеге шығып күйеу іздеген бойжеткенді полицейлер ұстап алды (фото)

Опубликовано:

Оралда қалыңдық көйлегін киген бойжеткен аяғына шаңғы байлап, Абай алаңына шықты. Қыз мойнына "Күйеу іздеудемін" деген жазуы бар қағаз іліп алған. Алайда, күйеуден бұрын бойжеткенге полицейлер бірінші болып жолықты деп хабарлайды sn.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бір адамдық пикетті ұйымдастырған қыздың жасы 23-те екен. Ол - Орал қаласының тұрғыны. Осындай жолмен қоғам назарын өзіне аударуды жөн санаған.

"Бұл оқиға 8 сәуір күні таңертең Абай алаңында орын алды. Бойжеткенді БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері ұстаған. Ол осылайша жұрттың назарын өзіне аудармақшы болыпты. Бір адамдық флешмоб ұйымдастырмақ болған", - дейді БҚО ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

Шаңғымен жүрген "қалыңдықты" полицейлер қамамаған, айыппұл да салмаған, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйіне қайтарыпты.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты

Ақтөбеде мектеп оқушылары миында ісігі бар сыныптастарын соққыға жықты

Мақпал Жүнісованың дауға айналған фильмге жазған саундтрегі жарық көрді (видео)

Рамзан Қадыров ауыр дертке шалдыққан қазақстандық әйелге қаражат аударды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1459809-oralda-koshege-shyghyp-kuyeu-izdegen-boy/

pixel