Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбілдина: Жүрегім тазалықты аңсаған соң, туған күнімді мешітте өткіздім

Опубликовано:

Әнші Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте өткізгені үшін сынағандарға өз желі парақшасында жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Әлxамдулиллаh! Тағы бір жасты еңсердік. Жасымызға жас, басымызға бас қосылып жатыр. Қаншама ақ тілектерді естідім, оқыдым. Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Өзім аяғым ауыр болған соң ба білмеймін, жүрегім бір тазалықты қалады... Туған күнімді таза жерде мешіттің мейрамxанасында өткізуге аңсарым ауды. Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін, құранның әуезіне балқысын деген әппақ ниет еді...", - деп жазған Қарақат.

Ол туған күн кеші керемет өткенін алға тартты.

"Тек қана қыздар бас қосып, төгілтіп орамалдарын тағып келсе, елдің алдында жүрген арулар ақ жаулықтарымен отырса қазақтың қанша қыздарына үлгі де болады ғой деп ойладық.. Пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистеріне сүйеніп мағыналы ән-жыр қосуды да жөн көрдік... Қазақтың салты, дәстүрі де қамтылды... Түрлі ойындар болсын, құран оқылса, уағыздар айтылса деген мақсатым орындалды да... Бәрі де керемет! Ғажап кеш өтті...", - дейді әнші.

Әнші әппақ дүниеден қаралық іздеуге құмар болатындарға ренішін білдірді.

"Ең қызығы, арақ-шараппен шулап өтетін туған күндер туралы тіс жармайтын кейбіреулер менің адал ниеттегі, xалал түрдегі туған күнімді дабырайтып жазып та жатқан көрінеді.. Өкінішті-ақ... Әппақ дүниеден қаралық іздеуге неге құмар болдық екен деп ойлаймын... Тырнақтың ішінен кір іздей бермей, ізгілікке ұмтылған жүректерден нұр іздеп үйренейікші ағайын... Қасиетті жұма қабыл болсын!", - деп өтініш білдірді Қарақат.

Еске салсақ, туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалған болатын. 

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты

Ақтөбеде мектеп оқушылары миында ісігі бар сыныптастарын соққыға жықты

Мақпал Жүнісованың дауға айналған фильмге жазған саундтрегі жарық көрді (видео)

Рамзан Қадыров ауыр дертке шалдыққан қазақстандық әйелге қаражат аударды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1459839-qaraqat-abildina-zhuregim-tazalyqty/

pixel