Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі өзбек миллиардері Путиннің қарсыласы шектен шығып кеткенін айтты

Опубликовано:

Бизнесмен Әлішер Усманов Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) негізін қалаушы Алексей Навальныйды "жала жапты және жаман атқа қалдырды" деп сотқа бермекші. Бұл жөнінде миллиардердің өзі ТАСС агенттігіне мәлімдеді деп жазады centralasian.org.

Усманов ұзақ уақыт бойында "Навальныйдың жалған мәлімдемелеріне" мән бермей келгенін, бірақ ол өзін қылмыскер деп атап, "шектен шығып" кетті дейді.

Миллиардер өзінің кәсібін "таза әрі заңды" істеп жатқанын, Навальныйдың қылмыскер деп айып тағуына "моральдық құқығы" жоқ екенін айтады.

Наурыз айының басында ККҚ  Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевтің "құпия империясы" жөнінде зерттеу материалын жариялаған. Онда Усмановтың Медведевке қатысы бар "Соцгоспроект" қорының учаскесіне және Рублевский тас жолы бойындағы үйіне 5 миллиард рубль "қайырымдылық" ретінде бергені жазылған.

Қор Дмитрий Медведев пен кәсіпкер Әлішер Усмановқа қатысты коррупциялық қылмыстық іс қозғауын талап еткен.

Навальный қорының бұл зерттеу материалы 26 наурызда Ресейдің жүзге тарта қаласында өткен акцияға негіз болды. Медведев бұл материалға қатысты бірінші рет 4 сәуірде ғана түсініктеме берді. Үкімет басшысы мұны "бос және қағаз" деп атады.

Ресейдің мемлекеттік думасы Медведевтің коррупцияға қатысы бары жөнінде парламенттік зерттеу жүргізуден бас тартқан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Футболшылар мінген автобуста бомба жарылып, қорғаушы зардап шекті

Танымал рэпер концертте өзіне жармаса кеткен тыңдарманын ұрып жіберді (видео)

Қос жанарынан айырылған алматылық егіздерге шығысқазақстандық кәсіпкер көмектесті

Ломбардта жұмыс істеген алматылық бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1463034-aygili-ozbek-milliarderi-putinninh-qa/

pixel