Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы қызды алып қашқан маңғыстаулық жігіт оны жауыздықпен өлтіріп тастады (фото)

Опубликовано:

Маңғыстау облысында 17 жастағы Ақырыс Қозыбай есімді тұрғынды жас жігіт өлімші етіп сабап тастады. Соққыға жығылған қыз тіл тартпай кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Маңғыстау облыстық ІІД Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 3 бөлімі бойынша соталды тергеу бастады. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бала Жармыш ауылында тұрған. Ақырысты алып қашқан азамат оны аяусыз соққыға жыққан көрінеді. Салдарынан бойжеткен емханада есін жимастан бақилық болды.

Бұл оқиға бойынша Маңғыстау облыстық ІІД түсініктеме берді. Олар бойжеткеннің соққыға жығылғаннан кейін қаза болғанын растап отыр.

"Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде шамамен 23:00-де 1996 жылғы ер адам 1999 жылғы қызға дене жарақаттарын салды. Бойжеткен облыстық емханаға жеткізіліп, есін жимастан, көз жұмды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сол арада бойжеткеннің қазасы туралы аудиожазба желіде тарап кеткен.

"Жетібайдың жігіті дейді. Шетпенің қызын оны күні алып қашып келген... Балталап тастаған дейді", - делінген аудиожазбада.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қайтыс болған студенттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

Астанада жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1464270-17-zhastaghy-qyzdy-alyp-qashqan-manhghystaul/

pixel