Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақыл-есінен айырылған қостанайлық келіншек туыстарына іздеу салды (фото)

Опубликовано:

Қостанайда есінен айырылған жас келіншек туыстарын іздейді, деп хабарлайды "Қостаңай таңы".

Қостанай қалалық ауруханасының жүйке аурулар бөлімінің меңгерушісі Игорь Хванның айтуынша, ақпан айының соңында әйелді ауруханаға полицейлер жеткізген. Бір айдан бері ауруханада жатыр. Ол қайда екенін және кім екенін білмейді.

«Жасы 30-35 шамасында. Біз түрлі зерттеулер жүргіздік. Бас сүйек-ми зақымы байқалмайды, жалпы жағдайы қанағаттандырарлық. Алайда ол датаны да, жасын да, атын да білмейді. Тек өзінің тегін — Миглер деп айтты және оны Марина деп атауды өтінді. Бірақ Миглер оның шын тегі екенін білмейміз. Әлдеқашан ауруханадан шығаруға болар еді, бірақ қайда жібереміз?», — дейді дәрігер.

Маринаның болжауынша, ол Екатеринбургте немесе Қостанайда тұрады. Қостанайда оның егде жастағы туысы тұруы мүмкін.

«Мен балаларым бар деп ойлаймын. Бірақ ештеңені есіме түсіре алар емеспін. Өтінемін, көмектесіңіздерші. Мүмкін, мені танитын боларсыздар. Мен есіме түсіре алмаймын, тіпті өмір сүруден шаршадым», — дейді Марина.

Жергілікті учаске полицейі барлық деректер базасын тексерді, бірақ қазақстандық базада ондай жан «тіркелмеген». Полицейлер оны суретке түсіріп алды, енді іздеу жарияламақ.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

АҚШ-тың "супербомбасынан" ИМ-нің 36 содыры жермен жексен болды

Қостанай тұрғыны қызын ренжіткен тәрбиешіні сотқа берді

Ирландиялық қыздардың көңілді биі желіні "жарды" (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1466634-aqyl-esinen-ayyrylghan-qostanaylyq-ke-2/

pixel