Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бір жасар сәби тышқан өлтіретін дәрі жеп уланып қалды

Опубликовано:

Ақтөбеде бір жастағы сәби тышқан улайтын дәріні жеп уланып қалған. Бұл туралы жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева хабарлады деп жазады Керек инфо.

"Қазір жедел жәрдемді кішкентай балаларға жиі шақырады. Өйткені, балалардың қатесі көп. Ақтөбеде бір жастағы сәби тышқан өлтіретін дәрі жеп қойып, уланып қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы жақсы", - дейді Дастан Неталиева.

Маманның айтуынша, жедел жәрдем орталығына тек бір күнде 546 адамнан қоңырау түскен.

"106 ер адам, 240 әйел адамға суық тию, жүрек қан тамырларының бұзылуы, түрлі жарақаттар бойынша алғашқы көмек көрсетілді. 9 адам инсульт алып, жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. 12 адамның жүрек қан-тамырлар қызметі бұзылып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты бойынша жарақат алған адамдар тіркелмеді", - деді жедел жәрдем бекетінің маманы.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қираған үйлер және эвакуация: Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды

Қытайлық жанкүйерлер Димаштың анасына «мама» деп маза бермей жүр

Ел басқарған президенттер қанша жалақы алады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1467385-aqtobede-bir-zhasar-sabi-tyshqan-oltire/

pixel