Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тасқыннан жапа шеккендерге арналған есепшот ашылды

Опубликовано:

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету үшін арнайы есепшот ашылды. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен жиында қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева хабарлады. Оның сөзінше, есепшотты "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қоры ашқан.

Оразбаеваның айтуына қарағанда, қаладағы бес мектептің базасында ашылған эвакуациялық пунктке қала тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлер азық-түлік, киім-кешектер әкеліп жатыр, енді оларды реттеп, сұрыптайтын еріктілер керек. Жиында зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын қадағалайтын тұрақты комиссия құрылды.

Қала басшылығы "Қолғанат Ақтөбе" қорының сенімді ұйым екенін, жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетеміз дегендер көп болғандықтан олардың "алаяқтарға алданып қалмауы үшін" және ортақ бір есепшот болғанын қалайтынын білдірді. Ләззат Оразбаева қазір шығын көлемі есептеліп жатқанын айтады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Ақтөбеде Елек өзенінің тасуы салдарынан өзен жағалауындағы саяжай ұжымдарына қарасты жүздеген үйді су басып, қалада төтенше жағдай жарияланған. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратын бойынша, төтенше оқиғадан 579 үй мен ауланы су басып, 5 үй құлаған, 1174 адам эвакуацияланып, 69 адам құтқарылған.

Құтқарушылар Ақтөбенің іргесіндегі Кірпішті, Келешек, Махамбет, Қарғалы, Заречный-2, Жилянка елді мекендеріндегі жағдайдың әлі де күрделі екенін айтады.

Бүгін аталған елді мекендердегі су деңгейі түсе бастаған, бірақ толық кетпеген.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар: 

Ұлттық құрамада Данияр Елеусіновтің орнын кім басады?

Көшеде суық қару ұстап жүрген қазақстандық азамат елді шошытты

Павлодарлық тәртіп сақшысы үш адамды өлімнен құтқарып қалды (фото)

Павлодар тұрғыны желідегі "экстремистік жазбасы" үшін қамауға алынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1468556-aqtobede-tasqynnan-zhapa-shekkenderge/

pixel