Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлім аузынан қалған Жігер Ауыпбаевтың ата-анасы ол үшін үйін сатуға мәжбүр болған

Опубликовано:

Жуырда ғана Түркияға барып тексерілуден өткен Жігер Ауыпбаев тыңдармандарына жан сырын айтып берді. Ол кішкентай кезінде қатты науқастанып, ата-анасының үйін сатуға мәжбүр болғанын айтып, көз жасына ерік берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол Massaget.kz порталының "Айна" деп аталатын жаңа жобасына қатысу барысында айтты.

Әнші тыңдармандарына бар сырын ақтарып, өзін толғандыратын сезімдерімен, ойларымен бөлісті.

Мәселен, "бала кезіңізде ұйықтар алдында не ойлайтын едіңіз?" деген сұрақ қойылғанда ол көзіне еріксіз жас алып, өміріндегі ауыр кезеңдердің бірін еске алды.

"Шынымды айтайын, отбасымызбен қатты қиындық көрген жандармыз. Бала кезімде мен қатты ауырып, өлім аузынан қалғанмын. Мен аураханада жатқан кезде, ата-анам маған дәрі-дәрмекке деп үйді сатқан еді. Мен оны білмеймін.

Кейін ауруханадан шыққан кезде үйіміз жоқ екенін көрдім. Үйдегі жиһаздардың барлығын әжеміздің үйіне апарып тастаған. Сол кезде мен үшін үйді сатқанын естігенде мен кінәлімін деп қатты, тіпті күні-түні жылағанмын. Түнгі сағат 3-4-терде далаға атып шығып, Алладан басымызға үй сұрайтынмын", - деп айтып берді ол.

Естеріңізде болса, әнші жуырда екі бүйрегі ауырып, Түркиядағы медициналық орталықтардың бірінен тексерілуден өткен болатын. Сүйікті әншісіне алаңдаған жұрт дұға тілеп, оның денсаулығы үшін алаңдап қалған еді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

«Вконтакте» желісін ашқан Дуровтың құпиясын білесіз бе?

АҚШ-та "ашулы" қаз көшедегі полицейге шабуыл жасады  (видео)

Алматыда студенттің өлімінен соң жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

Отандық тележұлдыздар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек жинауда (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1471245-olim-auzynan-qalghan-zhiger-auypbaevty/

pixel