Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі қытайлық компанияның жұмысшылары өздерін құл ретінде жұмсайтынын айтты

Опубликовано:

Ақтөбеде төрт ай бойы еңбек ақы ала алмай жүрміз деген қытай компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты деп хабарлайды 31 арна.

Төрт айдан бері далада қаңғып, ақысыз жұмыс істеп келдік деген "КК МИК" компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы ақыры жұмыстарын тоқтатты. Алғашында әрқайсысына 100 000-нан 200 000 теңгеге дейін жалақы уәде етіп шақырған қытайлық компания өкілдері "бізді енді құл есебінде жұмсап отыр" дейді.

Жұмысшылардың айтуынша, жұмысқа кіргелі компанияның құрылтайшысы қытай азаматымен тілдеспек түгілі әлі жүзін де көрмеген. Жұмыс беріп жұмсағанда жүретін бергі жақтағы басшылардың бәрі, енді ақша сұрап, жалақы талап еткенде бастарын алып қашқандарын айтады.

"Қазақстан Республикасының заңы жүрмей жатыр бұл жерде. Айлығымызды ала алмай жатырмыз қазір. Қытайдан келіп басынып отырғаны осының бәрі. Біздің заңымызға мойын бұрмайды да. Бағынбайды да. Бізді кім қорғайды сонда Қазақстан елінің азаматын", - дейді жұмысшы Қайрат Болатыв.

Жұмысшылардың айтуынша, қазір олар жер астында мыс шығаруға дейінгі қазба дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Алайда осы күнге дейін еңбегімізге бір тиын төлемесе де жұмысты тоқтатқан емеспіз дейді. Алайда жұмыс берушілердің жалақыны ай сайын аударып отырмыз деген уәждерін жұмысшылар өтірік дейді.

"Өтірік бәрі. Мен мүлде алған жоқпын. Желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз мүлде айлық алған жоқпыз", - дейді жұмысшы Әли Ергенов.

Алғашында жұмысшылардың еңбек ақысын уақытылы төлеп отырмыз деген басшылық артынша кінәларын мойындады. Ереуілге шыққан көптің көзінше мамыр айының 10-на дейін бүкіл қарыздан құтыламыз деп сөз берді.

"Дәл қазір мүмкіндік болмай тұр. Сіздерден ешкім қашып кетіп жатқан жоқ. 10-шы мамырға дейін барлық айлықтарын төлеп береміз", - дейді "КК МИК"ЖШС бас директорының көмекшісі Ернұр Халтаев.

Басшылықтың әр ай сайын беретін уәдесіне тойған жұмысшылыр енді бір екі күннің ішінде ақшадан хабар болмаса, шахтаның астына түсіп, аштық жариялаймыз деп отыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Семей тұрғыны көлігінде өзін-өзі өртеп жіберді

Қарағанды облысының әкімі су астында қалған тұрғындарға сәл шыдай тұруға кеңес берді

Зейнетақы қорындағы ақшаның жұмсалуы тағы түсінбестік туғызды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1477796-aqtobede-tort-aydan-beri-aylyq-almagha/

pixel