Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құралай ханым жасы әлі 30-ға толмаған қыздардың өмірге налып жүргеніне күйінді

Опубликовано:

Instagram әлемінде «Құралай ханым» есімімен белгілі көпбалалы ана жасы әлі отызға тола қоймаған қыздардың өмірге налып жүргеніне ikerim.kz сайтында таңданысын жазды.

"Маған отызға əлі тола қоймаған, жас қыздар "мен өз-өзімді жақсы көрмеймін, менде стресс, өте семізбін, тым арықпын, жаман ойлар көп келеді, басым ауырып, шаршап жүремін, жыным ұстайды, күйеуімді жақтырмаймын" деген сияқтыларды жазғанда, "Астапыралла" деп жағамды ұстаймын", - деп әңгімесін бастады Құралай ханым.

"Қыздар, сендер жетпіске толғанда не боласыңдар? Депрессияның көкесін көретін шығарсыңдар? Отызда отыз екі тісің сау тұрып, етті шандырымен шəйнəп тастап, жаңғақты қабығымен қағып отырғанда, өз-өзіңе риза болмасаң, жетпісте жеті тал тісіңмен, нанның жұмсақ жерін жалап отырып, сүйек мұжып отырғаныңды, тек түсіңде көретін кезіңде, жағдайың не болады, жаным ау?!", - деп сауал тастады ол өмірден түңілгендерге.

"Əжім тұрмақ секпіл жоқ түріңе, айнаға қарауға бет жоқ болса, ертең қураған Арал теңізінің балшығы сияқты бет болғанда не бетіңді айтасың?.. Басында шашы, аузында тісі бар, еш жерінен онша-мұнша иіс шықпайтын отыздағы отағасын жақтыртпасаң, ертең беті — шаш, басы — таз, шығарғаны — газ, табатыны — өте аз, сөзі бітпейтін, қусаң кетпейтін, қашсаң қуып жетпейтін, жетпістегі шалмен тұрғанда не боласың?", - деген көпбалалы ана күйзеліске түскендерге сұрақтарын жаудырды.

Жалғасын ikerim.kz сайтынан оқыңыз.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Атыраудағы ең сұлу фотомодель мал шаруашылығынан қалай табысқа жетті? (фото)

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Астанада жұмыс кестесінің өзгеретінін тұрғындар қалай қабылдады?

Министр Астанаға газ қашан жетеді деген сұраққа жауап берді

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі көтеріледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1486413-quralay-khanym-zhasy-ali-otyzgha-tola-qoy/

pixel