Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық миллионерлер мен министрлерді тәрбиелеп шығарған мектеп жайлы білесіз бе? (фото)

Опубликовано:

Өткен ғасырдың 70 жылдары Алматыда ашылған Республикалық физика-математика мектебі көпшілікке дарынды балаларды дайындайтын интернат ретінде жақсы таныс. 45 жылда ондаған мың түлек тәмәмдаған білім ордасы қазір киелі қара шаңыраққа айналған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Аталған мектепте оқу кез-келген оқушының арманы. Алайда, ол жерге тек білімі өте жоғары дарынды балалар ғана қабылданады.

Мектепті бітірген оқушылардың арасында ғалым ғана емес, мықты саясаткер де баршылық. Кеңес үкіметі тұсында осы мектепте тәрбиеленген 7 оқушы Тәуелсіз Қазақстанның әр жылдары министрлері болды.

- Атап айтар болсақ, екі рет премьер- министр қызметінің тізгінін ұстаған Кәрім Мәсімов осы мектепті 1982 жылы тәмәмдаған. 2016 жылдан бастап Білім және Ғылым министрі қызметін атқаратын Ерлан Сағадиев та РФММ түлегі.

- 2011-2012 жылдары - Экономикалық даму және сауда министрі болған Қайрат Келімбетов РФММ 1980 жылдары оқыған.

- 2012 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі болған Қаппаров Нұрлан физика-математика мектебінің 1987 жылғы түлегі.

- 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі болған Ерболат Досаев мықты экономист қана емес, 110 миллион доллар қаражаты бар ең бай 50 Қазақстандықтың қатарына кірген миллионер. Тиыннан тиын құрап, есепті шемішкеше шағуды осы мектептен үйренген. Қаржыгер физ-матты 1987 жылы тәмәмдаған.

- 2013 жылдың 6 қарашасынан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Қаржы министрі қызметін атқаратын Бақыт Сұлтанов аталған білім ордасын 1988 жылы тәмәмдаған шенеунік.

- 1997-1998 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрі болған Қалиев Еркін мектептің алғашқы түлектерінің бірі.

Сондай-ақ, қара орда Тимур Құлыбаев, Қайрат Қожамжаров сынды қоғам қайраткерлері мен қатар «Яндекс» интернет-порталының негізін қалаушы Волож Аркадий Юрьевич және Сегалович Илья Валентинович сынды программистерді тәрбиелеген.

Айта берсек, математика мектебінен шыққан мықтылар өте көп. Осы мектепті бітірген миллионер бизнесмендерің саны 100-ге жетеді. Танымал тұлғалар өздері оқыған мектепті ешқашан ұмытқан емес. Олар 2 миллион долларға жуық қаражат жинап, ұстаздардың жалақысын көтеруге, мектептің іші-сыртын жаңартуға қол ұштарын беріп келеді.

Сондай-ақ жыл сайын елімізде болатын Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде ең жоғарғы көрсеткіш осы мектепке тиеселі. Әр жылдары РФММ 5 оқушысы ҰБТ-дан максималды 125 ұпай жинаған. 2008-2016 жылдары 483 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 200-і мектепті үздік тәмәмдаған. Алдағы уақытта олардың да арасынан танымал тұлғалардың көптеп шығары сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1487310-qazaqstandyq-7-ministrdi-tarbielep-shy/

pixel