Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының жары жанайқайын айтты (видео)

Опубликовано:

Сәуір айының соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 33 жастағы Берік Құсайыновтың жары Дана Қабдыкешева қазақстандықтардан көмек сұрады. Келіншек күйеуінің қайда екенін білетін адамдар табылатынына сенеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол видео үндеуін  Youtube желісінде жариялады.

Дана күйеуінің әріптестері және достарымен балыққа кеткен соң, оралмағанын айтады.

"Әріптестері Беріктің мас күйінде өз көлігіне отырып, кетіп қалғанын айтады", – дейді Дана.

Бірақ ол күйеуінің арақты қатты ішпейтінін, оның әріптестерінің сөзі күдік тудыратынын атап өтті.

"Әркез әртүрлі айтады. Күйеуімді табуға көмектесулеріңізді сұраймын. Үйде оны кішкентай қызы, ата-анасы мен достары күтіп отыр. Барлығымыз уайымдап, оның аман-есен оралуын тілеп жатырмыз. Мүмкін сол күні, сол сәтте, сол орында біреу болған шығар. Ол жерде балықшылар көп жүреді.  Өтінемін, Берігімізді табуға көмектесіңіздерші", - дейді Дана.

"Сәуірдің 22 күні кешкі сағат  19:00 ол Қорғалжың тас жолының бойында орналасқан Сабынды ауылына достарымен бірге балық аулауға кеткен. Ол өзінің жол таңдамайтын Toyota 4Runner, нөмірі 701 SLA 01, шие түстес көлігімен кеткен. Олардың айтуынша, белгісіз себептермен ол тас жол жаққа кетіп қалған», — деп хабарлады жоғалған азаматтың жары.

Дана жарының "ЭКСПО-2017" қауіпсіздігінің басшысы болып жұмыс істейтінін айтты. 

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Әкесін жерлеуге ақша таппаған Павлодар тұрғыны оны төрт ай бойы балконында сақтаған

Әйелі түрмедегі қылмыскерге ғашық болған азамат Қасымовтан көмек сұрады

Ұлттық экономика министрі Қазақстанның триллиондаған мемлекеттік қарызы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1494523-zhumbaq-zhaghdayda-zhoghalyp-ketken-ekspo/

pixel