Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түс көріп жатып көз жұмған қыздың оқиғасы бүтін бір отбасының сырын ашты (фото)

Опубликовано:

Дені сап-сау 24 жастағы медбике қыз түс көріп жатып, көз жұмған. Сол себепті оның анасы зерттеу жүргізіп, қызының өлімінің себебін білмек болады. Зерттеу нәтижесінде бойжеткеннің тұқым қуалайтын, емі жоқ ауруға шалдыққаны анықталған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

24 жастағы Элиза Фицпатрик ешқашан денсаулығына шағым жасаған емес, жаман әдеттен де аулақ болған. Қыз стоматологиялық клиникалардың бірінде медбике болып жұмыс істеп, алдағы өміріне үлкен жоспарлар құрады. Бірақ ол ұйқыға кеткеннен қайта көзін ашпаған.

Оның ата-анасы телефон қоңырауларына жауап бермеген қыздарын жеке пәтеріндегі диванда жатқан жерінен тапқан деп жазады Daily Mail.

Қайтыс болған қыздың 45 жастағы анасы ұзақ уақыт қызын тірілтпек болғанымен, бәрі кеш еді. Дәрігерлер қыздың түс көріп жатып, қайтыс болғанын анықтаған.

Оның өліміне аптасына 12 адамның өмірін жалмайтын - Бругада атты синдром себепші болған. Көз жұмар күні ол басы ауырып, қатты жаурап тұрғанын айтқан. Элизаның анасы қызының аяқ асты өлімін зерттемек болады.

Кристи Лондондағы Әулие Джордж клиникасында тексерістен өтеді, анықталғандай Бругада синдромы анасынан берілген болып шығады.

Бұл дертке шалдыққан жанның жүрек соғысы ауытқуға ұшырайды. Қайтыс болған қыздың анасын қалған төрт баласының өмірі қатты алаңдатуда.

Бругада синдромының белгілері кеуде тұсының ауруы, жүректің тез соғуы, демігу. Емі жоқ ауру ЭКГ және қан тексерісі кезінде ғана анықталады.

Мұндай белгісі бар адамдарға бойларын ішімдіктен аулақ ұстау қажет. Бұл ауру тұқым қуалайды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің кейбір аймақтарында найзағай аралас жаңбыр күтіледі

Желіде Қанат Исламның жекпе-жегі алдындағы видеосы пайда болды

Атауы жоқ түсініксіз картина аукционда $110 миллионға сатылды (фото)

Баласын өзгелердің мазақ еткеніне шыдамаған ана өз қабырғасынан ет жырып берген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1502095-tus-korip-zhatyp-koz-zhumghan-qyzdynh-oqigh/

pixel