RU
Ұлды болуды армандаған азамат қыз туып берген тоқалын тастап кетті

Ұлды болуды армандаған азамат қыз туып берген тоқалын тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Елена үйленген азаматтың тоқалы атанғанда, бақытты боларына сенген. Алайда көп ұзамай ол күйеуімен соттасуға мәжбүр болады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Елена (есімі өзгертіллген) өз оқиғасын NUR.KZ порталына жасырын түрде баяндап, өзгелерден өзінің қателігін қайталамауын сұрады.

Әйел отбасылы мемлекеттік қызметкердің тоқалы атанған.

"Ажырасып, бірінші некеден ұл тәрбиелеп отырған кезім еді. Бір ер азаматпен танысып, кейін оның отбасылы екенін білдім. Алайда тек қыздары ғана бар азамат қатты ұлды болуды армандап жүр екен", - деп есіне алды Елена.

Ер адам Еленадан ұл туып беруін сұрап, қыр соңынан қалмапты. Ақыры жүкті болған Еленаға сүйіктісі қамқор болуды уәде етеді. Тіпті некесін мешітте қидыратынын да айтқан.

"Уақыт өтіп жатты, ал ол некесін қидыруға асықпады. Әйелінің келісімін алмағанын айтып, сылтауратып жүрді. Ал кейін мен қызды босанатынымды білгенде, тіпті өзгеріп сала берді. Мен ол кезде жүктіліктің 16 аптасында ғана едім. Түсік тастатпақ болып едім, ол баланы қалдыруымды өтінді", - дейді Елена.

Ер адам Еленаға пәтер жалдап, оның шығынын өз мойнына алады. Еленаның қыз босанатынына әбден көзі жеткен азамат ақыры одан алыстай бастайды.

Елена босанып, перзентханадан шыққанда күйеуі оған хабарласып, тағы да баланың жынысын сұрапты. Өзі оларды күтіп алуға да келмеген.

"Ол балалы бола алмай отырған әпкесіне қызымды бере салуын ұсынды. Ал маған басқа азаматты жолықтырасың деп ат тонын ала қашты. Тығырыққа тірелгеннен кейін мен бұл ұсынысына амалсыз көніп, ол қызына өз тегін берді. Сол кезде мен қатты күйзелгенім соншалық, балаларын әжетханаға лақтыратын әйелдерді түсіне бастадым", - дейді Елена.

Алайда Елена қызынан бас тарта алмаған. Қызы бір жасқа толғанда сүйіктісі оған шығынын төлеп отыруды мүлде доғарады. Пәтерінен көшуге мәжбүр болған Елена жолдасынан алимент алу үшін оны сотқа береді.

Елена отбасылы азаматтарға сенуге асықпау керектігін ескертуде.

"Маған жақсы, ниеті түзу, әділ әрі ақылды адам болып көрінген азамат нағыз оңбаған болып шықты. Ол маған ғана емес әйеліне де қиянат жасады", - дейді Елена.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Тағы бір лауазымды тұлға 3 млрд қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

Әйгілі Сталиннің немересі қатерлі ісіктен қаза тапты

Тамара Асардың үздік 10 образы

Алматы облысында жолдан өтпек болған оқушы қыз асфальтқа жабысып қалды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel