RU
Прокурор Әблязовты 20 жылға сырттай соттауды сұрады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Прокурор Әблязовты 20 жылға сырттай соттауды сұрады

Расказать Вконтакте

Мұхтар Әблязовке де сырттай жаза кесілгелі жатыр. Өзі басқарған банкті тонап, шетел асқан олигархты мемлекеттік айыптаушылар 20 жылға қамауды сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Прокурор Әблязовты 20 жылға сырттай соттауды сұрады

Мұхтар Әблязов

Әрі бар жиған-тергені тәркіленсін дейді прокурорлар.

"Мұхтар Әблязовты кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге және үш жылға банк саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасына кесуді сұраймын", - дейді мемлекеттік айыптаушы Еркін Байғамбетов.

Ал Әблязовтың оң қолы болған Қайрат Садықовқа – 18, Жақсылық Жарымбетов пен Сәдуақас Мәмешке бес жылдан сұрады. Өйткені, соңғы екеуі кінәларын мойындап, тергеуге көмектескен. Оларға прокурордың жеңілдеу жаза сұрауы сондықтан. Садықов болса, кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.

Осылайша Әблязовтан басқасы өздерін алда шамамен қандай жаза күтіп тұрғанын айыптаушының өз аузынан естіді. Дегенмен, соңғы сөз соттыкі екені мәлім.

Естеріңізге салсақ, кілең қаржыгерлерден құралған қылмыстық топ жеті бап бойынша айыпталуда. Ал келтірілген шығын көлемі – жеті жарым миллиард доллар.

Бұл тек Қазақстаннан ұрланған ақша. Ресейден атышулы олигарх одан бөлек 5 миллиард доллар үптеп кеткен. Қазір Әблязов Францияда тұрып жатыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе облысында ерлі-зайыптыларды соққыға жығып, құлдықта ұстаған азамат істі болды

Қылмыстық топ құрды деп күдіктелген әйелдің үйінен екі жарым айлық бөтен нәресте табылған

Көкшетауда бесінші сынып оқитын жеткіншек іс-түссіз жоғалып кетті

ОҚО әкімі Түймебаев мектеп бітіруші түлекпен вальс биледі (фото, видео)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
3
4
0
1
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір