Үнемі жартылай жалаңаш жүретін Луина атасының имам болғанын айтты
Опубликовано:
Жуырда отызға толып, достарына дүркітеріп той жасап берген Луина жеке меншік мерекесінде өзі жайында бар шындықты айтты. Әншінің айтуынша, оның туған анасы 5 уақыт намазын қаза етпеген имам болған.
Бұл туралы "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.
Әншінің өзін бағып-қағып өсірген әжесіне айтар алғысы шексіз. Өйткені, 5 жасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өнер иесінің бүгінгі жетістігі сол кісінің арқасы.
Отандық шоу-бизнеске Луина есімімен танымал Луиза Қарынбаева әке-шешесінен ерте айырылып, ата-әжесінің қамқорлығында болған. Қарапайым жанұяда өскен ол әнші болуды армандағынан айтады. Оның бала қиялына қанат бітірген әжесі немересінің әр қадамын қолдап, жетістіктеріне қуанады.
Тағы оқыңыздар:
Мәскеуде болған алапат дауыл 12 адамның өмірін жалмады (фото, видео)
Шымкенттік медбике әжетханаға түсіп кеткен сәбиді аман алып қалды (фото
"Мені осы уақытқа дейін бағып-қағып, өсірген әжеме алғысым шексіз. Осыдан 7 жыл бұрын атам қайтыс болды. Ол кісі 5 уақыт намазын оқыған, имам болатын. Жұмыс кестесіне байланысты әжеме жиі барып тұруға мүмкіндік бола бермейді. Сондай сәттерде мені сағынып, ешкімге көрсетпей көз жасына ерік беріп, жылап алады екен", - деді Луина.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1507736-zhartylay-zhalanhash-zhuruden-qymsynbayt/