Выйти
RU

Тараздық жігіт ата-анасының несиелерін төлеу үшін мұхит асып, АҚШ-қа кетіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның жастары ақша табу үшін АҚШ-қа жиі кетіп қалатын болған. Солардың бірі - қазақстандық Бақберген Шайхазимов. Ол Америкаға үш жыл бұрын көшкен. Жас жігіт NUR.KZ порталына көшуінің себебін түсіндірді.

Бақберген Таразда туып, өскен. Жас жігіт АҚШ-та тұруды ешқашан армандамағанын айтып, ағынан жарылды.

«Мен қарапайым отбасынан шыққан жігітпін. Университеттен кейін жеке фирмада жұмыс істедім. АҚШ туралы ойлаған да емеспін. Өмірімді түбегейлі өзгерту туралы ой отбасылық қарыздар, яғни несиелердің салдарынан келді. Оларды жауып, ата-анама көмектесу үшін АҚШ-қа ақша табуға аттандым. Енді бізде, Құдайға шүкір, қарыз жоқ», - дейді азамат.

Тағы да оқыңыздар: Тегін такси қызметін ұсынған Қызылорда мешітіне халық алғысын жаудыруда (фото)

Бақбергеннің АҚШ-та жүргеніне үш жылдай болған. Ол Нью-Йорктің құрылыс компаниясында жұмыс істейді.

«АҚШ-қа келгенімде, үйренісіп кету қиын болды. Кейбірі АҚШ-та жұмыс табу жеңіл деп ойлайтын шығар? Бұл олай емес. Сізді құшақ жайып күтіп отырған ешкім жоқ. Лайықты жұмыс таба алу үшін күш пен уақыт керек. Бастапқыда шығынға батпас үшін кез келген жұмысты атқаратынмын. Қазір менің құрылыс компаниясында тұрақты жұмысым бар. Болашақта құрылыс бойынша бас мердігер атанғым келеді», - дейді жас жігіт.

Бақберген елімізде жақсы жалақы болса, ешуақытта АҚШ-қа көшіп кетпес едім деп отыр. 

«Әр елдің өз жақсы және жаман тұстары бар. Өз елім туралы жаман ештеңе айтуға құқым жоқ деп ойлаймын, бәрібір елімді жақсы көріп, сағынамын. Егер Қазақстанда менің еңбегімді бағаласа, ешуақытта Америка жайлы ойламас едім. Бәрі ақшаға келіп тіреледі. Біздің елде көбі төмен жалақыға бола көшіп кетіп жатыр деген ойдамын», - дейді Бақберген.

Тағы оқыңыздар: Астананың сылқым бикештері қайдан және қалай киінеді?

Жас жігіт АҚШ-та еңбектенген адамға зор мүмкіндіктер барын алға тартты.

«АҚШ-та адамдар мейірімді, қашан да саған жымиып қарайды. Кейде жасанды көрінгенмен, күнде түнерген адамдарды көргеннен әлдеқайда жақсы. Одан бөлек маған адамдардың сенің не киіп жүргеніңе еш мән бермейтіні ұнайды. Тіпті супермэннің костюмін киіп алсаң да. Жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полиция мұнда санаулы минутта келіп жетеді. Ағылшыншаң мәз емес болса, курстарға қатыссаң болады, тегін курстар да бар», - дейді ол.

«Мұнда адамдар «time is money» деген сөзді, яғни "уақыт - ақша" деген ұғымды жиі айтқанды ұнатады. Кейбірі бір жұмыстан кейін екінші жұмысына асығады немесе қосымша сабақ оқиды. Ешкімнің бос уақыты жоқ. Мен де мұнда күнде бір тіршілікпен қолым босамай жүреді. Ертең не боларын білмеймін, дегенмен таяу үш жылда Қазақстанға оралғым келмейді. Қазір мен өзіме де, ата-анама да жетерлік қаражат тауып жүрмін», - деп ойын түйді Бақберген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тараздық жігіт ата-анасының несиелерін төлеу үшін мұхит асып, АҚШ-қа кетіп қалды
Mailfire view pixel