Выйти
RU

Арбаға таңылған азаматқа қол ұшын созған атыраулық полицей елді сүйсіндірді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау тұрғыны полицейдің ізгі әрекетін фотоға түсіріп алып, тәртіп сақшысына алғыс білдірген жазбасын желіге жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Бүгін Жол патруль қызметінің инспекторы тарапынан болған жақсы әрекеттің куәгері болдым. Балықшы ауданында аптап ыстықта арба мінген адам Қызыл Әскер бойында кетіп бара жатты, – деп жазды қала тұрғыны.

Оның сөзіне қарағанда, полиция көлігі тоқтап, ішінен жас жігіт шыққан. Ол арбаға таңылған адамның қасына жақындап, оны көлікке отырғызады да, арбасын жүк салғышқа салады.

Тағы оқыңыздар: "Құдайдың бұйрығымен" төрт адамды өлтірген азамат өлім жазасына кесілді

"Мен қайда апаратынын бақыладым. Полицей оны Балықшыдағы базаға жеткізіп салды. Рамазан айында – сүйсіндірерлік іс. Жарады. Сондай жігіттер көп болса екен", — дейді көзбен көруші.

Сөз соңында Атырау тұрғыны осындай әрекеті үшін тәртіп сақшысына алғысын білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арбаға таңылған азаматқа қол ұшын созған атыраулық полицей елді сүйсіндірді (фото)