Выйти
RU

90 келілік әйелінен қорғанбақ болған азамат абайсызда оны бауыздап өлтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Суррей графтығының тұрғыны 43 жастағы Роберт Родс абайсызда өз әйелін бауыздап өлтіргеннен кейін сотта ақталып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

90 келілік әйелі Робертке жанжал кезінде Халк секілді тап берген деп жазады Metro.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар 21 жыл некесінен кейін бір-бірімен ажырасуды ұйғарған. Роберт әйелі жұмысында өзгемен ойнас құрып жүргенін біліп қойып, ажырасуды талап етеді.

Ол әйелінің отбасылы ер адамнан алып жүрген хабарламаларын көріп қойған. Жанжалдан кейін Роберт өзге әйелмен танысу сайты арқылы кездесіп, жақын қарым-қатынасқа түседі.

Тағы да оқыңыздар: Тараздық жігіт ата-анасының несиелерін төлеу үшін мұхит асып, АҚШ-қа кетіп қалды

Бұл жайлы біліп қойған әйелі Доун Родс ашу үстінде күйеуіне пышақпен тап берген. Роберт пышақты тартып алып, қорғанбақ болған сәтінде абайсызда пышақты әйелінің тамағына кіргізіп алған. Нәтижесінде 13 сантиметрлік тереңдікке баратын жарақаттан әйел тіл тартпай кетіпті.

Тағы да оқыңыздар: Шымкенттегі жезөкшелер ордасынан қашып шыққан бойжеткен қорқынышты жайттарды жайып салды

Дегенмен әйелін құтқарып қалудан үмітті болған азамат дереу жедел жәрдем шақыртқан. Алайда дәрігерлер келгенде Доун тыныстамай жатты. Ал Роберт арпалыс кезінде қолынан ауыр пышақ жарақаттарын алыпты.

Сот Роберттің пайдасына шешім шығармас бұрын 36 сағат бойы бұл мәселені талқыға салды. Соттағылар ер адамның кінәсі жоқ екенін мойындаған. 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
90 келілік әйелінен қорғанбақ болған азамат абайсызда оны бауыздап өлтірді
Mailfire view pixel