RU
ЭКСПО кезінде Қазақстанға танымал ресейлік әншілер келіп, концерт қоймақшы

ЭКСПО кезінде Қазақстанға танымал ресейлік әншілер келіп, концерт қоймақшы

Рассказать Вконтакте

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада Ресей және өзге де елдердің жұлдыздары өнер көрсетеді. Әншілердің концертіне билет қанша тұратынын NUR.KZ порталы kstnews.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Мәселен, бірінші шілде күні "Сарыарқа" велотрегінде «Би-2» тобы мен «Мумий Тролль» концерт береді. Билет құны 6 000 теңгеден 23 000 теңгеге дейін барады.

Дәл осындай қаражатқа келесі әншілердің өнерін тамашалай аласыз: Black Star Party (MOT, Kristina Si, L’One, Timati) - сегізінші шілде, Полина Гагарина мен Егор Крид - бесінші тамыз. Ал 12 тамызда өтетін Limp Bizkit концертіне және 19 тамызда өтетін Эрос Рамазоттидің концертіне билет құны 28 мың теңгеден асады.

Тағы да оқыңыздар: Тараздық жігіт ата-анасының несиелерін төлеу үшін мұхит асып, АҚШ-қа кетіп қалды

Билеттер сатылымға шығарылып қойды. Жақында өнер көрсететін әншілер саны көбейе түспек. Мәселен, танымал 30 Seconds To Mars рок-тобының концертіне билет сатылымдары жүргізілетін болады. Концерт екінші шілде күні «Астана Арена» сатдионында өтеді.

Тағы да оқыңыздар: Шымкенттегі жезөкшелер ордасынан қашып шыққан бойжеткен қорқынышты жайттарды жайып салды

Барлық концерттік бағдарламаларды www.tickets.expo2017astana.com сайтынан біле аласыз. Билеттерді де сол жерден сатып алуға болады. Кейін билеттер көрменің кассаларында да сатылмақ.

Еске салсақ, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада оныншы маусым мен оныншы қыркүйек аралығында өтеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel