Выйти
RU

Қарақат пен Қыдырәлі ашқан алаңға астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Ел саябақтарында бүлдіршіндерге арналған түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Осы мерекеге орай астаналық " Жерұйық" саябағында Қыдырәлі Болмановтың  "Балбала" деп аталатын этно алаңы ашылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алаң ортасында орналасқан батут өзіндік ерекше стилімен ерекшеленді. Киіз үй түрінде жасалған батут орналасқан балалар алаңын Болманов бүгін өз қолымен ашты.

 

Ашылу салтанатының соңы концерттік бағдарламаға ұласып, "Қарақат" өнер мектебінің шəкірттері өз өнерлерін ортаға салды.

Концерттік бағдарламаны тамашалап, балаларға арналған этно алаңның ашылу салтанатына келген қала тұрғындарының да қарасы көп болды.

Қыдырәлінің айтуынша, ол болашақта әлемге танымал "Дисней лэнд" секілді балаларға арналған демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

 

"Біздің еліміздегі балаларға арналған ойын-сауық орталықтардың барлығы тек франшиза ғана. Шетелден сатып алып келген дүниелер. Тамырымызға, салт-дәстүрімізге, тілімізге еш қатысы жоқ.

25 жылдың ішінде алғаш рет осындай киіз үй ашылып отыр. Біз киіз үйімізді ұмытпау, ұмыттармау амалында осыны жасап отырмыз. Киіз біздің қазақтың әр баласының қанында бар нәрсе. Сондықтан мұны көріп, бала өзінікі екенін сезінеді. Шетелдікі емес, өзінікі", - деді ол.

 

"Тек қана әр жерден мінберден сөйлегенмен іс бітпейді. Тек қана алаң ашу емес, біздікі күрес.

Ұлтымыздың, дінімізді сақтап қалу үшін, балалар "спонж боб" секілді кейіпкерлерді емес, өзіміздің құндылықтарымызды білуі үшін жасалып отырған игі іс", - деген ол балаларға арналған алаңды ашудың өзі оңай дүние емес екенін еске салды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарақат пен Қыдырәлі ашқан алаңға астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Mailfire view pixel