Выйти
RU

Баласын заулаған көліктің астына қалдырып кеткен ананың әрекеті жан түршіктірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Баласын жол бойына тастаған безбүйрек ананың видеосы әлемді дүрліктірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қытайдың оңтүстік-батысында болған бұл жағдай әлем назарына іліккен. Видеода жас ана кішкентай баласын көліктер ағылған автотұрақ маңындағы жол бойына тастап кетеді. Балақай анасын іздеп шырылдап, жол ортасына қарай еңбектей жөнелген.

Тағы да оқыңыздар: 90 келілік әйелінен қорғанбақ болған азамат абайсызда оны бауыздап өлтірді

Бұл оқиға 27 мамыр күні Гуйян қаласында болғаны анықталды. Полицейлер қатыгез ананы іздестіріп жатыр.

Ең сорақысы, нәрестенің қауіпті жағдайда жалғыз қалғанын көрген көлік жүргізушілері де оған көмектеспеген. Абырой болғанда, бүлдіршінді автотұрақта жұмыс істейтін әйел көріп қалып, құтқарған. Ол баланы қауіпсіз жерге апарып, полиция шақыртты.

Тағы да оқыңыздар: Обама Трамптың қызымен көрші болу үшін 8 млн долларға үй сатып алды (фото)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Баласын заулаған көліктің астына қалдырып кеткен ананың әрекеті жан түршіктірді
Mailfire view pixel