Выйти
RU

Шавкат Мирзияев арсыз банкирлер үшін шенеуніктерге сөгіс жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жиналыста банкирлер мен қаржыгерлерді «сандалбайлар мен парақорлар» деп атап, премьер-министрдің орынбасары Рустам Азимовты бұл салада бақылау жоқ деп сынға алды деп жазады Centralasian.org.

Шавкат Мирзияев банк қызметкерлерін сынға алып, «тек көңіл көтеру үшін өмір сүреді», айлық алып қана қоймайды әрі «пара да алады» деді. Оның айтуынша, банк қызметкерлері әрбір үйді аралап, халықтың кәсіпкерлікпен айналысуына мүдделі болуы керек.

Өзбекстан президенті "Егер Рустам Азимов дұрыс жұмыс істейтін болса, бұл мәселені қатаң бақылауға алушы еді", - деп премьер-министрдің орынбасарын сынға алды.

«Біз өзіміз осындай жағдайға алып келдік. Мұнда қожайын да жоқ, сұраныс та жоқ. Халық неге наразы? Себебі қаржыгерлер дұрыс жұмыс істемейді. Үй-үйді аралап, тұрғындарға несие ұсынған адам ешқашан мемлекеттің жауы атанбайды. Ешқашан!», - деді президент.

Тағы да оқыңыздар: Екі бірдей қызынан айырылған ата-ана олардың қауіпті дерті туралы тым кеш білген

«Сен банкирлерді арлы болуға шақыратын экономикалық комплекстің жетекшісі емессің бе, Мұны сен неге істемейсің?! Себебі сен қаржы министрлігінен қорқасың. Себебі Ташкентте отыратындар аудандық шенеуніктерден пара алады.

Шын мәнінде мен сені қызметтен шеттетуім керек! Мен аудандық қаржыгерлердің 50 пайызын қызметінен аламын, олардың барлығы сандалбайлар! Арсыздар осы үшін жауап береді?!», - деп мәлімдеді Шавкат Мирзияев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шавкат Мирзияев арсыз банкирлер үшін шенеуніктерге сөгіс жариялады